Коммунальное государственное казенное предприятие

Аркалыкский политехнический колледж

23/11/2024  Суббота
        8 (71430) 7 59 83
Костанайская область, г. Аркалык, улица Абая 112

Арқалық политехникалық колледжінің

әдіскері Айтмаганбетова Б.С.

қазақ тілі мен әдебиетінің оқытушысы

Қалқаева Г.Т

«Қазақстан-2050 жаңа бағыт ескере отырып, Үкіметке 2013 жылдан бастап халықаралық үлгідегі куәліктер беру арқылы инженерлік білім беруді және заманауи техникалық мамандықтар жүйесін дамытуды қамтамасыз етуді тапсырамын. Кәсіби- техникалық және жоғары білім ең бірінші кезекте ұлттық экономикалық мамандарға деген қазіргі және келешектегі сұранысын барынша өтеуге бағдар ұстауы керек»

«Елбасы жолдауынан»

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен еліміздің кәсіптік-техникалық білім беру саласына жаңа жүйе - дуальдық оқыту әдісі енгізіліп жатыр.

2014-2015 оқу жылынан бастап біздің Арқалық политехникалық колледжімізде дуальды оқыту элементтерін енгізу бойынша жоба жүзеге асырылатын болды.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның әлеуметтік жаңартылуы: Жалпыға ортақ «Еңбек қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласында «Дуальды кәсіптік білім беруде дамытудың маңызы зор. Бұқаралық маман кадрларының жетіспеушілігін еңсеруге мүмкіндік беретін заманауи қолданбалы біліктілік орталықтары қажет - деді. Мемлекет басшысы колледждерде дуальды оқыту әдісін енгізу туралы нақты тапсырма да жүктелді.

Былтыр Қазақстан Халық Ассамблясының 19-шы сессиясында «Самұрық-Қазына» қорына арқаулық кәсіпорындар тізімін белгілеп дуальды модельді бірте - бірте енгізудің жоспарын әзірлеуді тапсырған болатын. «Арқалық политехникалық колледжінің» «Ауыл шаруашылық техникасына техникалық қызымет көрсету және жөндеу» мамандығы бойынша біздің оқу орнында модульдік және дуалдық оқу жүйесіне 2014-2015 оқу жылында дайындық кезеңі жүргізіліп, нақты іс-шаралар жасалды. Атап айтқанда осы мамандық бойынша материалдық-техникалық база нығайтылды, яғни практикалық жұмыстарға қажетті жабдықтар, оқу құралдары мен компютерлік жабдықтар алынды. Сол сияқты әлеуметтік серіктестермен, «Алюминқұрылыс» ЖШС, қалалық АТЭК, «Арқалық техникалық байқау» ЖШС т.б мекемелермен келісім-шарттар жасалды. Былтырғы оқу жылында білім алушыларды дуалды оқыту жүйесіне дайындап, қадам жасау жұмыстары студенттерді психологиялық дайындап, ата – аналармен қатынас түсіндірме хат жіберіліп жүргізілді.

Осының нәтижесінде колледжімізде биылғы 2015-2016 оқу жылынан бастап осы жоба қолға алынды. Негізі дуальдық оқыту жүйесі дегеніміз- теорияны өндіріспен ұштастыра оқыту технологиясы. Осы дуальдық оқыту жүйесі бойынша колледжден «Ауыл шаруашылық техникасына техникалық қызымет көрсету және жөндеу» мамандығы бойынша білім алып жатқан оқушылар 14 қыркүйектен бастап,белгіленген сабақ кестесі бойынша келісім шартқа отырған әлеуметтік серіктестіктерде тәжірбиелі білім алуда.

Арқалық политехникалық колледжінің әлеуметтік серіктестері: «Алюминқұрылыс» ЖШС, оның ішінде механикаландырылған колоннасының цехнда, «Арқалық жылу энергетикалық компаниясы»МҚК, «Арқалық техникалық байқау»ЖШС және Арқалық политехникалық колледжінің жанындағы «Дөңгелек жөндеу» цехында. Дуальдық оқытуда жүрген 25 оқушы бұл мекемелерге жетісіне 3 рет сабақ кестесі бойынша, бекітілген мамандардан тәжірбие алады.

«Алюминқұрлыс» мекемесінде- 16 оқушы, 6 жұмыс орнында, «АТЭК»-те-6 оқушы, 3 жұмыс орнына, Техникалық байқау «Арқалық» мекемесінде- 2 оқушы, 1 жұмыс орнында, «Арқалық политехникалық колледжінде» - 1 оқушы, 1 жұмыс орнында өндірісте оқыту сабағын өтуде.

Қорыта келгенде мемлекеттің байлығы- бүгінгі жастар болашақ майталман мамандар жұмыс берушілермен ынтымақты болу- студенттердің өндіріске қажетті білім білік дағдыларын және еңбекке орналасуға деген икемдігін аттырады, яғни түлектер теориялық жағынан ғана емес практикалық жағынан да сауатты болмақ.