Коммунальное государственное казенное предприятие

Аркалыкский политехнический колледж

23/11/2024  Суббота
        8 (71430) 7 59 83
Костанайская область, г. Аркалык, улица Абая 112

8-наурыз халықаралық әйелдер күніне орай Арқалық политехникалық колледжі жанынан құрылған «ARTишок» театр үйірмесінің ұйымдастыруымен «Сұлулық әлемді құтқарады» деген ұранмен «MissAPK-2019» сайысы өтті. Сайыстың мақсаты қыз баласының бойындағы әсемдік пен тәрбиеліліктің негізін насихаттау. Сайысқа 1-3 курс арасынан 9 қатысушы қатысты. 4 кезеңнен тұратын сайыста арулар өз өнерін, ұшқыр ойын, тал бойы мінсіз сұлулығын паш етті.

Колледждің ең сұлу аруын таңдау мәртебесі  Арқалық қаласы Жастар ресурстық орталығы маманы, Колледж аруы-2018 Сарсенбаева Кенжегүл және іс-шараға демеушілік танытып, қатысушыларды дефиле сайысында авторлық сән бұйымдарымен қамтамасыз еткен «Arcomor» сұлылық салоның негізін қалаушы Есембаева Арайлымға табысталды. Қатысушы арулардың өнерін тамашалаған әділқазылар алқасы аруларды келесі номинациялармен марапаттады:

«Мисс грация» - Қабдығалық Камилла

«Мисс эрудиция» - Кенжебек Айсулу

«Мисс артистизм» - Қожантаева Назерке

«Мисс пластика» - Мутасеевич Фатимаханым

«Мисс шарм» - Гнедаш Александра

«Мисс золотой голос» - Галкина Анастасия

«Мисс очарование» - Жусупова Майрам

«Мисс креатив» - Зейнуллина Жанерке

«Мисс позитив» - Султанбек Айша

«ІІ вице Мисс» - Кенжебек Айсулу

«І вице Мисс» - ЗейнуллинаЖанерке

«Мисс АПК – 2019» - Гнедаш Александра

Және де сайыс демеушісі Арайлым өз фавориті ретинде Кенжебек Айсулуды таңдап, өзінің авторлық әшекейін ұсынды.

Кештің музыкалық әрлеуін КДМ жастарынколледждің нәзік жандарын құттықтау мақсатында өткізді. Кеш мерекелік көңіл-күймен аяқталды.