Коммунальное государственное казенное предприятие

Аркалыкский политехнический колледж

05/10/2024  Суббота
        8 (71430) 7 59 83
Костанайская область, г. Аркалык, улица Абая 112

18 ақпан «Техникалық пәндер» апталығы аясында «Тапқыр болсаң, талас жоқ» атты Э-21 тобы білім алушылары арасында Электротехника иеория негіздері пәнінен іскерлік ойын болып өтті. Ойынға 4 қатысушыдан 3 топ қатысты: «Бірінші электрлік компания»; «Элеком»; «Electric company».

Ойынның Мақсаты:

-білімділігі

  1. Мәліметтерді меңгеру дәрежесін бақылау: Кирхгоф заңы, Ом заңы (толық тізбек және тізбек бөлігі үшін), тұрақты тоқ тізбектерін есептеу әдістері, электрлік және магниттік өрістің негізгі сипаттамалары, электростатикалық тізбектерді есептеу, магниттік тізбектерді есептеу,айнымалы тізбектерді есептеу.
  2. Алған білімді жалпылау және бекіту.

-тәрбиелілігі

  1. Негізгіні айқындай білу, салыстыру, жалпылау
  2. Өздік бақылау әдісін жүйелеу
  3. Есте сақтау қабілетін арттыру
  4. Жұмысқа шығармашылық тұрғыдан жанасуды дамыту

Ойынның өту барысы: жұмыс 3 топпен (өндіріс орны) жүргізіледі, бұл топтар өздерінің өндіріс орнына ат,ұран ойлап табуы қажет,өзіндік баяндама жүргізу керек (өздерінің өндіріс орнына жарнама жасау), және бас директорды сайлау қажет.

Бұл жерде негізгі бағыт бағдар беретін ол оқытушы. Ойында оқытушы тапсырыс беруші болып саналады, тапсырыс беруші қалаға белгілі мақсаттармен, өзінің компаниясына серіктес таңдауға келген.

Өндіріс орны дұрыс жауаптары үшін өздеріне шарттық бірліктерде пайда жинайды. Еңбек ақысы бойынша өндіріс орны анықталады - жеңімпаз, тапсырыс берушімен ұзақ мерзімдік серіктестікке қол жеткізеді.

Ойынның жұмысы: Жоспары:
1.Жинақтық капитал Бөлімдер бойынша негізгі түсініктерді тексеру
2.Инвестициялық капитал Тұрақты тоқ, электростатикалық және магниттік тізбектерді есептеуін және білімдерін тексеру
3.Салымшылар Берілген бөлімдерде өз білімдері мен дағдыларын тексеру
4.Табыс алу Берілген бөлімдердегі негізгі есептік формулалармен білімдерін тексеру
5.Ақшалық операциялар Еңбек ақыны есептеу
6.Қорытындылау Сабақтың қорытындысы

Ойында 1-орынды «Electric company» тобы иеленді.

Өткізген: арнайы пәндер оқытушысы Бек Б.Б.