Коммунальное государственное казенное предприятие

Аркалыкский политехнический колледж

05/10/2024  Суббота
        8 (71430) 7 59 83
Костанайская область, г. Аркалык, улица Абая 112

«Арқалық политехникалық колледжі» КМҚК

«Арнайы білімдегі пәндерді оқытудың заманауи тәсілдемелері. Ізденіс. Тәжірибе. Нәтиже.» тақырыбында «Техникалық пәндер топтамалық әдістемелік комиссия» апталығының қорытындысы

Директордың оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі

орынбасары Жиенбаева С.А.

Арқалық политехникалық колледжінде 18-25 ақпан аралығында жоспарға сәйкес «Арнайы білімдегі пәндерді оқытудың заманауи тәсілдемелері. Ізденіс. Тәжірибе. Нәтиже.» тақырыбында «Техникалық пәндер топтамалық әдістемелік комиссиясының» апталығы өтті.

Апталықтың мақсаты: Студенттердің жалпы және кәсіптік ой-өрісінің кеңейтуге ықпал ету.Білім алушылардың кәсіптік және зияткерлік деңгейін арттыра отырып, бәсекеге қабілетті маман қалыптастыру.Таңдалған мамандығына қызығушылықты қалыптастыру.

Апталықтың әр күні қызықты іс - шараларға толы болды. 18 ақпан күні онкүндікті ашу 1 этаждан бастап ән- күй орындалып, мамандыққа байланысты киім киген білім алушылар апталық жоспарын тарату мен басталды, салтанатты түрде ашу мәжіліс залында өткізілді. Бұл жерде білім алушылар апталықтың жоспарымен танысты. Колледж қабырғасы апталыққа арналған мамандыққа байланысты шығармашылық көрмемен, қабырға газеттерімен, суреттермен сөз жұмбақтармен безендірілді.

18 ақпан күні сыныптан тыс іс-шара «Электротехника теория негіздері» пәні бойынша іскерлік ойын «Тапқыр болсаң тауып көр» пән оқытушы Бек Б.Б. ұйымдастыруымен Э -21 тобымен өтті.

Бұл сабақтан тыс іс шарада іскерлік ойын тақырып және бөлімдер бойынша өтілген тақырыпты меңгеру дәрежесін қадағалауға; алған білімдерін жалпылау және бекіту мақсатында ұйымдастырылды.

Ойын 3 топпен (өндіріс орны) жүргізілді, топтар өздерінің өндіріс орнына ат, ұран ойлап тауып, өзіндік баяндама жүргізді (өздерінің өндіріс орнына жарнама жасау), және бас директорды сайлады. Ойында оқытушы тапсырыс беруші болып саналды.

Өндіріс орны дұрыс жауаптары үшін өздеріне шарттық бірліктерде пайда жинады. Еңбек ақысы бойынша өндіріс орны анықталады - жеңімпаз, тапсырыс берушімен ұзақ мерзімдік серіктестікке қол жеткізді. Ойын қызықты өтті. Үш командада белсенді ат салысты. «Электрик компания» командасы жоғары баллмен жеңіске жетті. Оқытушы іс – шараны жоғары деңгейде ұйымдастыра білді. Іс – шараға 18 оқытушы қатысты.

19 ақпан күні ашық сабақ «Автокөліктің электр жабдықтары» пәні бойынша «Электрлік қосу жүйесі» тақырыбында ТО-31 тобында арнайы пән оқытушысы Байгереев Т.С. өткізді.

Оқытушы сабақтыСын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтері: қызығушылықты ояту, ой шақыру, ақыл - ойын дамыту, миға шабуыл әдісі, топтық жұмыс, деңгейлеп саралап оқыту технологиясы, ойын элементтері және дәстүрлі иллюстрациялық түсіндірме әдісітерін пайдаланып өткізді.Тақырыпты ашу мақсатында бейне баян көрсетілді. Сабақ әдістемелік жағынан жақсы деңгейде өткізілді. Оқытушының сабақ түсіндіру шеберлігі мол. Сабақ өткізу әдісі сабақ соңына дейінгі қойылған мақсат пен талаптарға сай. Сабақ мақсатына жетті. Топтың білім сапасы 100 %. Өткізілген сабақ «өте жақсы» деп бағаланды. Ашық сабаққа он бір оқытушы қатысып талдау жасалды.

19 ақпан күні сыныптан тыс іс-шара Логика қайда?» ойыны өндірістік оқыту шеберлері Қалиев Е.Қ., Жунусов С.Г. ұйымдастыруымен 1 курс білім алушыларының арасында өтті.

Білім алушылардың ойлау қабілеттерін, тапқырлығын, жылдамдығын, таным белсенділігін арттыру. Топпен жұмыс істей отырып, өзгенің пікірін құрметтеуге, ұйымшылдыққа баулумақсатында ұйымдастырылған ойын өте қызықты өтті. Білім алушылар қойылған сұрақтарға аса қызығушылықпен жауап берді. Оқытушылар іс – шараны жоғары деңгейде ұйымдастыра білді. Белсенділік танытқан білім алушылар марапатталды. Іс – шараға 12 оқытушы қатысты.

20 ақпан күні ашық сабақ «Электр техникасы» пәні бойынша «Электр өлшеуіш құралдар» тақырыбында ЭМ -12 тобында арнайы пән оқытушысы Алекешов Г.Х. өткізді.

Оқытушы сабақты түсіндіру, сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтері: «Фишбоун» әдісі, сұрақ -жауап, сызба кестемен жұмыс, топтастыру, ізденіс әдісімен өткізді. Оқытушы әдістемелік білімді, сабақ түсіндіру шеберлігі мол.Сабақ өткізу әдісі сабақ соңына дейінгі қойылған мақсат пен талаптарға сай. Сабақ мақсатына жетті. Оқытушы уақытты тиімді қолдана білді. Топтың білім сапасы 74 %. Өткізілген сабақ «өте жақсы» деп бағаланды. Ашық сабаққа тоғыз оқытушы қатысып талдау жасалды.

20 ақпан күні ашық сабақ өндірістік оқыту «Беттерді бітеу және тегістеу» тақырыбында МСМ – 29 тобында өндірістік оқыту шебері Смагулов К.Е. өткізді.

Оқытушы сабақты теориялық бөлімде түсіндіріп өтті. Білім алушылармен оқытушы арасында байланыс жақсы. Оқытушы қойған сұраққа білім алушылар жауап берді. Өндіріс сабағы болғандықтан білім алушылар тапсырылған жұмысты кезек –кезек жауапкершілікпен орындап шықты. Оқытушының білім алушылармен әрекеттесу шеберлігі мол. Тақырыпты толық меңгертуге байланысты жұмыстар атқарылыды. Сабақ мақсатына жетті. Топтың білім сапасы 62 %. Өткізілген сабақ «жақсы» деп бағаланды. Ашық сабаққа тоғыз оқытушы қатысып талдау жасалды.

21 ақпан күні ашық сабақ «Материалтану» пәні бойынша «Шойын және болат»тақырыбында ЭМ -12 тобында арнайы пән оқытушысы Абдрахманова С.Ж.. өткізді.

Оқытушы сабақты топқа бөліп өткізді. Сабақты үш тілде амандасумен бастады. Топтық жұмыс, адасқан әріптер, ДЖИКСО әдісі, кинометафора, мюнстенберг, мозайка, дейін, кейін әдістерін пайдалана отырып сабақты өткізді. Үш тілділік басты назарда ұсталынды. Білім алушылар сабаққа белсенді қатысты. Тақырыпқа байланысты бейне баян көрсетілді. Сабақ мақсатына жетті. Әдістер тиімді қолданылды. Оқытушының сабақ беру әдістемесі жақсы. Топтың білім сапасы 73 %. Өткізілген сабақ «өте жақсы» деп бағаланды. Ашық сабаққа сегіз оқытушы қатысып талдау жасалды.

21 ақпан күні сыныптан тыс іс-шара «Ғажайыптар алаңы» ойыны 1- 2-3 курс білім алушылары арасында арнайы пән оқытушылары Калжанов Н.А.,Тойшыбеков Б.Ө. өткізді.

Білім алушылардың зеректік қабілеттерін дамытып, ой-өрісін кеңейту, білімге құштарлығын арттыру, озық ойлы ойыншыны анықтау мақсатында ұйымдастырылған ойын қызықты өтті. Оқытушылар ойынға қатысты барлық жабдықтармен сахнаны безендіре білді. Білім алушылар аса қызығушылықпен ат салысты. Оқытушылар іс – шараны жоғары деңгейде ұйымдастыра білді. Белсенділік танытқан білім алушылар марапатталды. Іс – шараға 6 оқытушы қатысты.

22 ақпан күні ашық сабақ «Кәсіпорындардың электр жабдықтары» пәні бойынша «Көпірлік крандардың электр жабдықтары» тақырыбындаЭ-41 тобында арнайы пән оқытушысы Байгиреев С.Г. өткізді.

Жас маман сабақты СТО технологиясының элементтері: ой қорыту кестесі, миға шабуыл әдісі, CLIL технологиясының элементтері, топтық жұмыс, деңгейлеп саралап оқыту технологиясының элементі, интелектуалды карта, жеті қадам, адасқан әріптер әдістерін пайдалана отырып өткізді. Оқытушының сабақ түсіндіру шеберлігі бірден байқалды. Топ сабаққа белсенді қатысты. Бейне баян көрсетіп проблемелық мәселе қоя білді. Сабақ мақсатына жетті. Оқытушының сабақ беру әдістемесі жақсы. Топтың білім сапасы 100 %. Өткізілген сабақ «жақсы» деп бағаланды. Ашық сабаққа он оқытушы қатысып талдау жасалды.

22 ақпан күні «Үздік дәнекерлеуші» мамандық бойынша байқау Worldskills жобасының негізіндеГЭС - 34 тобының білім алушылары арасында өндірістік оқыту шебері Қалиев Е.Қ. ұйымдастыруымен өтті.

Мамандық бойынша кәсіби дайындығының сапасын арттырумақсатында ұйымдастырылған байқауға 3 білім алушы қатысты. Әр түрлі деңгейдегі тапсырмалар орындалды. Оқытушы тапсырмалардың орындалу жолдарын мұқият түсіндіріп өтті. Алғашқы кезең бойынша теориялық тапсырма орындалды. Екінші тәжірибелік кезеңде сызба бойынша дәнекерлеу жұмысы жүргізілді. Үшінші кезеңде арнайы тапсырылған жұмысты толық аяқтап шығу тапсырылды. Білім алушылар байқауға аса жауапкершілікпен ат салысты. Берілген тапсырмаларды уақытында жасап шығарды. Ұйымдастырлған іс- шара жақсы деңгейде өтті. Байқаудың тәуелсіз эксперті Мусаев Бауыржан толық жасалып шыққан жұмысты көріп бағалады. Байқау жеңімпазы ГЭС – 34 тобының білім алушысы Сайлау Серікболсынның жұмысы ерекшеленіп, үздік маман атанды.

22 ақпан күні «Үздік техник – механик» мамандық бойынша байқау Worldskills жобасының негізінде ТО-21,ТО-28,ТО-31,ТО-38,ТО-41 тобының білім алушылары арасында арнайы пән оқытушылары Махатов А.Ш., Торғайбайұлы Д. ұйымдастыруымен өтті.

Мамандық бойынша кәсіби дайындығының сапасын арттыру, демонстрациялау, қазіргі заманғы жабдықтарды және оны тиімді пайдалануын, мамандық арасында кеңінен насихаттау, жастардың жұмысқа деген беделін арттырумақсатында ұйымдастырылды.

Байқауда блиц сауалнама" бойынша жоғары балл жинаған білім алушылар екінші кезең тәжірибелік бөлімге өтті. "Техникалық" плакат (қорытынды шығару мақсатында баллдық жүйелері тең болған жағдайда) орындау тапсырылды. Тәжірибелік жұмыста, "Кәсіби дөңгелек жөндеу учаскесі", үзгіш-таратқыштың контактілерін қою, «Дизель А-41» қозғалтқышының газ тарату механизімінің клапандарын реттеу тапсырмалары орындалды. Байқауға 2, 3, 4 курс білім алушылары әр топтан 2 қатысушыдан барлығы 5 топ, 10 қатысушы қатысты. Сайыс № 7,8 кабинеттерде "Автомобильдер құрылымы" және доңғалақ жөндеу учаскесінде өтті.

Білім алушылар байқауға аса жауапкершілікпен ат салысты. Берілген тапсырмаларды уақытында жасап шығарды. Ұйымдастырлған іс- шара жоғары деңгейде өтті. Байқаудың тәуелсіз эксперті Байгереев Т.С толық жасалып шыққан жұмысты көріп бағалады. Байқау жеңімпазы ТО – 41 тобының білім алушысы Адай Ержан жұмысы ерекшеленіп, үздік маман атанды.

22 ақпан күні «Техник – электрик»мамандық бойынша байқау Worldskills жобасының негізіндеЭ-21,Э-31,Э-32,Э-31(арнайы),Э-41 топтарыныңбілім алушылары арасында арнайы пән оқытушылары Мажитова Н.Ж., Алекешов Г.Х., Байгиреев С.Г. ұйымдастыруымен өтті.

Мамандық бойынша кәсіби дайындығының сапасын арттыру мақсатында ұйымдастырылған іс –шарағаЭ-21,Э-31,Э-32,Э-31(арнайы),Э-41 топтарының білім алушылары әр топтан 2 қатысушыдан барлығы 5- топ -10 қатысушы қатысты.

Бірінші кезең "Қауіпсіздік техникасы" сұрақтарына жауап беру, электрлік сұлба нұсқасын түсіндіру тапсырылды. Екінші кезең тәжірибелік жұмыс электр монтаждық жұмыстарын жүргізу, магниттік жүргізгіш арқылы үш фазалық электрқозғалтқыштарды электр тізбегіне қосу жұмыстары атқарылды. Білім алушылар байқауға аса жауапкершілікпен ат салысты. Берілген тапсырмаларды уақытында жасап шығарды. Ұйымдастырлған іс- шара жоғары деңгейде өтті.Байқау жұмыстарын өндіріс оқыту шебері Алекешов Г.Х. мұқият тексеріп қабылдап алды. Байқау жеңімпазы Э 31 тобының білім алушысы Алпысбаев Нұрболат жұмысы ерекшеленіп, үздік маман атанды.

23 ақпан күні ашық сабақ «Стандарттау және өлшеу» пәні бойынша «Өлшеу тәсілдерімен оның ағаттықтары» тақырыбында ТО -31 тобында арнайы пән оқытушысы Мухамбетжанов К.М.өткізді.

Оқытушы сабақты жоғары деңгейде өткізіді. СТО технологиясының элементтері: ой қорыту кестесі, миға шабуыл әдісі, топтық жұмыс, тесттік әдіс, түсіндіру әдістерін пайдаланып өткізді. Үй тапсырмасы презентация қорғау арқылы ұйымдастырылды. Білім алушылар сабақта белсенділік танытты. Бейне баян көрсетіліп тақырып ашыла түсті. Уақыт тиімді пайдаланылды.

Сабақ мақсатына жетті. Оқытушының сабақ беру әдістемесі жоғары. Топтың білім сапасы 82 %. Өткізілген сабақ «өте жақсы» деп бағаланды. Ашық сабаққа төрт оқытушы қатысып талдау жасалды.

23 ақпан күніапталық қорытындысы жасалып, барлық жеңімпаздар салтанатты түрде марапатталды.

Апталыққа белсене ат салысқан оқытушыларға, білім алушыларға алғыс айтылып, орын алған білім алушылар дипломдар мен мадақтамалармен марапатталды.

Апталыққа байланысты мамандықтар бойынша шығарылған газеттер бойынша орындар берілді. 1 орын ТО -18, Эм -12 тобы, 2 орын ТО – 38, ТО -21 -26 тобы, 3 орын МСМ – 29, Э -41, ТО - 31 тобы марапатталды.

Апталық іс шаралары жоспарға сәйкес белгіленген уақытта өтті. Өткізілген ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс - шараларға талдау жасалып, ескертулер мен жетістіктері айтылып ұсыныстар берілді. Жіберілген қателіктерді келесі жолы қайталамау тапсырылды.

Өткізілген іс - шараларды колледж сайтында жарияланды.

«Арнайы білімдегі пәндерді оқытудың заманауи тәсілдемелері. Ізденіс. Тәжірибе. Нәтиже.»тақырыбында «Техникалық пәндер» топтамалық әдістемелік комиссиясынын» апталығы өз деңгейінде жақсы өткізілді. Жоғары деңгейде ашық сабақ, сыныптан тыс іс-шара, үздік байқау ұйымдастырған пән оқытушылар колледж директорының мадақтамасымен әдістемелік кеңесте марапатталады.

Ұсыныс:

- Апталық өтіп жатқан уақытта бос оқытушылар жоспарға сәйкес ашық сабақтарға, іс – шараларға, үздік мамандық байқауларға белсенділік танытып ат салысып жүруі қажет.

- Өткізген іс- шараларды қорытынды есебінде колледж сайтына, БАҚ бетінде жариялау.