Коммунальное государственное казенное предприятие

Аркалыкский политехнический колледж

23/11/2024  Суббота
        8 (71430) 7 59 83
Костанайская область, г. Аркалык, улица Абая 112

«Арқалық политехникалық колледжі» КМҚК

«Білім берудегі шығармашылық тәжірибелер» тақырыбында

«Қызмет көрсету саласытоптамалық әдістемелік комиссия» апталығының қорытындысы

Директордың оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі

орынбасары Жиенбаева С.А.

Арқалық политехникалық колледжінде 11-18 ақпан аралығында жоспарға сәйкес «Білім берудегі шығармашылық тәжірибелер» тақырыбында «Қызмет көрсету саласытоптамалық әдістемелік комиссия» апталығы өтті.

Апталықтың мақсаты: Оқу үрдісінің инновациялық формалары мен әдістерін көрсету, оқу құралдарын қолданудың дидактикалық тиімділігін талдау, ғылыми ұйымдастыру әдістерін жинақтау және оқу үдерісінің сапасын бақылау.Колледж білім алушыларының құзыреттілігін арттырып, сабақтан тыс шаралардың әдістемелік әдіс-тәсілдерін меңгертіп, танымдық қызығушылықтарын ояту, білім алушыларының мамандыққа деген сүйіспеншілігін арттыру.

Апталықтың әр күні қызықты іс - шараларға толы болды. 11 ақпан күні онкүндікті ашу салтанатты түрде өткізілді. Бұл жерде білім алушылар апталықтың жоспарымен танысты. Колледж қабырғасы апталыққа арналған мамандыққа байланысты шығармашылық көрмемен, қабырға газеттерімен, сөз жұмбақтармен безендірілді.

12 ақпан күні «Экономика негіздері» пәнінен Ф – 21 тобында арнайы пәндердің жоғары санатты оқытушысы Омарова Ғ.А. викториналық сабақ өткізді. Сабақтың тақырыбы: «Шаруашылық еңбек ресурстарын пайдалану көрсеткіштерін анықтау» (Экономикалық білім заман талабы викториналық сабақ)

Оқытушы сабақты аралас, СТО технологиясының элементтері:ойын, сұрақ-жауап, түсіндіру, сайыс, топтық әдісі арқылы ұйымдастырды.Оқытушы сабақты екі топқа бөліп, қызықты ойын түрінде өткізді. Топтың білім сапасы 76 %. Өткізілген сабақ «жақсы» деп бағаланды. Ашық сабаққа он оқытушы қатысып талдау жасалды.

13 ақпан күні «Ауылшаруашылығы өндірісін механикаландыру және электрлендіру» пәнінен ашық сабақ Ф - 21 тобында оқытушы Сейдалы Қ.А. өткізді.Сабақтың тақырыбы: «Тамыр жемістілерді жинау технологиясы және машиналары»

Оқытушы сабақтыСТО технологиясының элементтері: ой қорыту кестесі, миға шабуыл әдісі, CLIL технологиясының элементтері, топтық жұмыс, деңгейлеп саралап оқыту технологиясының элементі, интелектуалды карта, SWOT әдісі, Блум таксономиясы әдісі арқылы өткізді.Топшалармен тақырыпқа сай әр түрлі әдіс тәсілдер қолданылған жұмыс түрлері көрсетілді. Жас маманның сабағы сабағы әдістемелік жағынан жақсы деңгейде өткізілді. Сабақ өткізу әдісі сабақ соңына дейінгі қойылған мақсат пен талаптарға сай. Сабақ мақсатына жетті. Топтың білім сапасы 76 %. Өткізілген сабақ «өте жақсы» деп бағаланды. Ашық сабаққа он алты оқытушы қатысып талдау жасалды.

13 ақпан күніпәндік олимпиада 2 курс білім алушылары арасында «Сызу» пәнінен Арнайы пәндердің жоғары санатты оқытушысы Досымов Т.Д. өткізді.

Білім алушылардың пәндік білімдерін тереңдету мақсатында 5 тапсырма түрлері: тест жұмысы, бақылау жұмысы, логикалық тапсырма, кесінді сызу жұмыстары қамтылды. ТО -21, Э -21 топтарынан 16 білім алушы қатысты. Пән бойынша олимпиада жеңімпаздары І, ІІ, ІІІ орын мадақтамамен марапатталды.

14 ақпан күні «Агрономия» пәнінен ашық сабақ Ф - 21 тобында Биология пәнінің бірінші санатты оқытушысы Нурманбетова А.С. өткізді. Сабақтың тақырыбы: «Ауылшаруашылық дақылдарының зиянкестерімен күресу шаралары»

Оқытушы сабақты Сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтері: «Бағдаршам» әдісі, «Кластер» әдісі, «Зерттеушілік конференция» әдісі, «Сұраққа жетіп ал» әдісі (А.Ж.Егізбаев бойынша), топтық әдіс, деңгейлік тапсырма, түсіндіру сұрақ - жауап, тапсырмалармен жұмыс, топтастыру, шығармашылық жұмыс, ізденіс, оқулықпен жұмыс жасата отырып өткізді.Оқытушы әдістемелік білімді, кәсіби құзіретті.Сабақ өткізу әдісі сабақ соңына дейінгі қойылған мақсат пен талаптарға сай. Сабақ мақсатына жетті. Топтың білім сапасы 75 %. Өткізілген сабақ «өте жақсы» деп бағаланды. Ашық сабаққа тоғыз оқытушы қатысып талдау жасалды.

14 ақпан күні «Көкпар» интеллектуалды білім сайысысыныптан тыс іс- шара 1 курс ОП -17 тобының білім алушыларының арасындаӨндірістік оқыту шеберлері жоғары санатты оқытушы Бекеева Д.Х., жас маман Ахмет Т.М. ұйымдастыруымен өтті.

Білім алушылардың пәндер бойынша зеректік қабілеттерін дамытып, озық ойлы ойыншыны анықтау мақсатында ұйымдастырылды.«21 ғасыр көшбасшы» ойынының желісімен құрылған алты ойыншы қатысқан ойын түрінде өтті. Өндірістік оқыту шеберлері сыныптан тыс іс шараны жақсы деңгейде ұйымдастыра білді. Білім алушылар аса жауапкершілікпен, қызығушылықпен қатысты. Үздік жеңімпаз ойыншы атанған, 1 орын иеленген ОП – 17 тобының білім алушысыМұрат Еламан марапатталды.Ашық сыныптан тыс іс- шараға 12 оқытушы қатысты.

15 ақпан күні «Үздік аспазшы» мамандық бойынша байқау Worldskills жобасының негізіндеПК-26 тобының арасында Өндірістік оқыту шеберлері Хасенова С.С., Еденова И.Е.ұйымдастыруымен өтті.

Аспазшы мамандығы бойынша білімдерін кеңейтіп, білімді білім алушылар дайындау мақсатында ұйымдастырылған байқау үш модульдан тұрды, алты білім алушы қатысты. 1 модуль таңғы асқа жұмыртқа әзірлеу, 2 модуль картоптан пюре, котлет дайындау, 3 модуль өз таңдауларында салат жасау тапсырылды. Берілген тапсырма шеберлер тарапынан жақсы ұйыдастырылған яғни бірнеше жұмыс түрін көрсете білді яғни аршу, пісіру, қуыру, турау, сәндеу. Білім алушылар байқауға аса жауапкершілікпен ат салысты. Берілген тапсырмаларды уақытында жасап шығарды. Ұйымдастырлған іс- шара жақсы деңгейде өтті. «Үздік аспазшы» жеңімпазы Төлеубаева Наргиз ПК – 26 тобының білім алушысы марапатталды. Байқауға обективті және субективті әділ қазылар бағасын беріп отырды.

15 ақпан күні «Үздік тігінші» мамандық бойынша байқау Worldskills жобасының негізінде МЗ - 33 тобының арасында Өндірістік оқыту шебері Жапаргалиева А.Ж. ұйымдастыруымен өтті.

Тігінші мамандығы бойынша білімдерін кеңейтіп, білімді білім алушылар дайындау мақсатында ұйымдастырылған байқау үш модульдан тұрды, 15 қатысушының ішінен 1 модульдан жоғары балл жинаған төрт білім алушы қатысты. 2 модульде суретке қарап белдемшенің оң жағын пішу, оны манекенге қадау тапсырылды. 3 модульде өз таңдауларында әшекей бұйымдармен әзірленген шығармашылық жұмыс яғни брошкы жасау тапсырылды. Берілген тапсырма шебер тарапынан жақсы ұйыдастырылған яғни пішу, қадау, қию, клейлеу, өңдеу, сәндеу түрін көрсете білді. Білім алушылар байқауға аса жауапкершілікпен ат салысты. Берілген тапсырмаларды уақытында жасап шығарды. Ұйымдастырлған іс- шара жақсы деңгейде өтті. «Үздік тігінші» жеңімпазы Сүйінғара Аружан МЗ- 33 тобының білім алушысы марапатталды. Байқауға обективті әділ қазылар алқасымен ашық алаңда бағаланды.

16 ақпан күні «Үздік шаштараз» мамандық бойынша байқау Worldskills жобасының негізінде П - 31 тобының арасында Өндірістік оқыту шебері Ельясова М.Ж ұйымдастыруымен өтті.

Шаштараз мамандығы бойынша білімдерін кеңейтіп, білімді білім алушылар дайындау мақсатында ұйымдастырылған байқау екі модульдан тұрды, үш білім алушы қатысты. 1 модульде шаш қию карэ үлгісінді. 2 модульде өз таңдауларында кешкі шаш үлгісін жасау. Берілген тапсырма шебер тарапынан жақсы ұйыдастырылған яғни қию, бұйралау, түю, сәндеу түрін көрсете білді. Білім алушылар байқауға аса жауапкершілікпен ат салысты. Берілген тапсырмаларды уақытында жасап шығарды. Ұйымдастырлған іс- шара жақсы деңгейде өтті. «Үздік шаштаразшы» жеңімпазы Султанова Айгүл П -31 тобының білім алушысы марапатталды. Байқауға обективті әділ қазылар алқасымен ашық алаңда бағаланды.

16 ақпан күніапталық қорытындысы жасалып, барлық жеңімпаздар салтанатты түрде марапатталды.

Апталыққа белсене ат салысқан оқытушыларға, білім алушыларға алғыс айтылып, орын алған білім алушылар дипломдар мен мадақтамалармен марапатталды.

Апталыққа байланысты мамандықтар бойынша шығарылған газеттер бойынша орындар берілді. 1 орын МЗ - 33 тобы, 2 орын ПК -26, П - 31 тобы, 3 орын ОП – 17, Ф -21 тобы марапатталды.

Апталық іс шаралары жоспарға сәйкес белгіленген уақытта өтті. Өткізілген ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс - шараларға талдау жасалып, ескертулер мен жетістіктері айтылып ұсыныстар берілді. Жіберілген қателіктерді келесі жолы қайталамау тапсырылды.

Өткізілген іс - шараларды колледж сайтында жарияланды.

«Білім берудегі шығармашылық тәжірибелер» тақырыбында «Қызмет көрсету саласытоптамалық әдістемелік комиссия» апталығының өз деңгейінде жақсы өткізілді. Жоғары деңгейде ашық сабақ, сыныптан тыс іс-шара, үздік байқау ұйымдастырған пән оқытушылар колледж директорының мадақтамасымен марапатталды.

Ұсыныс:

- Апталық өтіп жатқан уақытта бос оқытушылар жоспарға сәйкес ашық сабақтарға, іс - шараларға белсенділік танытып ат салысып жүруі қажет.

- Сыныптан тыс іс - шараларды мәжіліс залында өткізу, топтарды көрермен ретінде қатыстыру.

- Өткізген іс- шараларды қорытынды есебінде БАҚ бетінде жариялап отыру.