Арқалық политехникалық колледжінің
әдіскері Айтмаганбетова Б.С.
2015 жылдың 9 қазан күні Арқалық политехникалық колледжінде «Қазақ хандығының 550 жылдығына» байланысты кең көлемде іс-шара өткізілді. Бұл өткізілген іс-шараның мақсаты мемлекетіміздің болашақ жастары, бейбіт өмірдің қадірін түсініп, тәуелсіздік жолында бабаларымыздың қамымен қалған іздің бар екенін білуге, «Ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен» еркіндіктің оңай келмегенін ұғынуға тәрбиелеу. Іс-шараға қатысушыларға қазақ елінің құрылу жолын қамтыған бейне ролик көрсетіліп, біраз көңіл тебірентерлік күйге ұласты.
Осы кештің арнайын қонағы Білім беру ісінің үздігі, Қазақстан халықтарының ассамблеясының мүшесі, Тәуелсіздіктің 10 жылдығы, 20 жылдығы медальінің иесі Жәнібек Ғапбасұлы сөз алып, жас өрендерге елдің тарихынан сыр шертті. Жастарымызға ата-бабаларымыздың, қазақ хандары мен билеріміздің аңыз болып жеткен, өнеге мен тәрбиенің иісі аңқыған мағыналы әңгімелері мен сабақтастырып, бейбіт өмірдің қадірін түсініп, елдің болашағы жастармен байланысты екендігін айтып өтті. Биыл мемлекеттік «Серпін» бағдарламасымен «Шаштараз»мамандығы П-11 тобына келген Сембек Толғанай, қазақ мемлекетінің қалыптасу жолындағы билердің, ел үшін тәуелсіздік жолында қазақ батырларына демеу болғандығын, елдің болашағы үшін Тәуке ханның құрастырған заңдар жинағы «Жеті жарғы» арқылы елдің ішкі, сыртқы тыныштығын сақтауда билердің қосқан еңбектері қамтылған «Қазақ мемлекетінің қалыптасуындағы үш бидің рөлі» тақырыбында баяндама оқыды. Мемлекетіміз бойынша аталып өтіп жатқан «Қазақ хандығының 550 жылдығы» деп аталатын ауқымы мол тақырып, біздің колледжіміздің студенттерін де өз шығармашылықтарымен айналысуға, бағыт болғандығы байқалды. Олай деуге себеп, «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру» ІІІ курс студенттері Әлібек Балнұр мен Боранбай Тұрсынай «Қазақ хандығы» тақырыбына арналған бірнеше өлең жолдарын арнады. Бұл студенттеріміздің өнеріне, талпынған талаптарына колледж басшысы Оспанов Асқар Сәбитбекұлы және кеш қонағы Жәнібек Ғапбасұлы ризашылығын білдірді.
Сонымен қатар, қазақ хандығына байланысты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Кеш, бабаларымыздың небір қиын шақтарды бастан өткізгендігін, ССРдің отарлау саясатынан тәуелсіздікті аңсап шыққан зарлы-мұңды шағынан, «Қасымханның - қасқа жолы, Есімханның - ескі жолынан», бастау алған бүгінгі бейбіт өмірге дейінгі кезеңдерден студенттер мәлімет алды.
Қорыта келгенде Отанды сүю – бабалардан мирас болған ұлы мұраны қадірлеу, оны көздің қарашығындай сақтау, осы біздің жастарымыздың қолында. Қазақ хандығына 550 жылдың толып атап өтілуі, бұл халқымыздың Егеменді Тәуелсіз «Мәңгілік ел» болашағымызды дәлелдейді. Тарихы, тілі, діні, салт-дәстүрі ғасырдан – ғасырға ұласып, ата-бабаларымыздың мұра етіп қалдырған жерін, байлығын бүгінгі күні «Мәңгілік ел» болашақ жастары жалғастырады және ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп қалдырады деп кәміл сенеміз.