“Тәрбиедегі мақсат – адам деген атты құр жала қылып жапсырмай, шын мағынасымен адам қылып шығару.”
Мағжан Жұмабаев
Бала тәрбиесі – қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін күрделі процесс. Жас ұрпақ тәрбиесі адамзаттың мәңгілік тақырыбы. Ұлттың бүгінгі де болашағы да тәрбиелі ұрпаққа байланысты. «Бір баланы адам етіп өсіргенше, бір шахар абат болады» дейді екен көне шығыстың даналығы. Осы салыстырудың өзі-ақ баланың ойын мәніндегі адам болып қалыптасуы қыруар уақыт пен тер төгетін, зор еңбектің қажет ететін ауқымы кең, жауапкершілігі мол жұмыс екенін ұқтырса керек.
«Балам дейтін жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан болсын» демекші атамыз Ахмет Байтұрсынұлы 2019 жылдың 29 наурызнда Арқалық политехникалық колледжінде жоспар бойынша екінші жалпы ата-аналар жиналысы өтті. Күн тәртібінде құқықбұзушылықтын және кәмелетке толмағандардың тәніне қол сұғушылықтың алдын алу, білімалушылардың оқу үлгірімі және оқу барысында кездесетін проблемалар, «Жүрегім толы мейірім» ақциясының нәтижелері деген мәселелер қарастырылып, ата-аналар мен оқытушылар арасында әңгіме жүргізілді. Қазіргі таңда аса маңызды назар аударуды қажет ететін жасөспірім арасындағы құқықбұзушылыққа жеке тоқатлып, ата-аналар да өз ойларын ортаға салды.
Тәрбие процессі екіжақты болса ғана, шың мәнінде адамгершілігі мол, тәртіпті де тәрбиелі ұрпақтын болуына қол жеткізе аламыз деп санаймын.