Коммунальное государственное казенное предприятие

Аркалыкский политехнический колледж

05/10/2024  Суббота
        8 (71430) 7 59 83
Костанайская область, г. Аркалык, улица Абая 112

2019 жылдың 19 наурыз күні колледшілік Наурыз мерекесіне арналған «Армысың, әз Наурыз!» атты іс –шара өтті. Іс –шараны колледж оқытушылары мен студенттері ашып беріп, одан кейін барлық топтар берілген ереже бойынша дайындалып өнерлерін көрсетті.

Берілген шарттар:

1.Ауылдың аты

2.Ұлттық тағамдар көрмесі

3.Ұлттық ойындар көрсету

4.Музыкалық нөмерлер (1ән, 1би)

Топтар 4 ауыл болып топтасты, айтар болсақ, «Бірлік» ауылы, «Жарықбай» ауылы, «Баянауыл» ауылы, сонымен қатар, қосалқы бөлім қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Шебер» ауылыда өнерлерін ортаға салды. Барлық аталған ауылдар ұлттық тағамдардан көрмесі, наурыз көжесін, ұлттық ойындар мен әннен шашу шашып мың бұрала билеп, бір –бірінен оза шапты. Сонымен қатар, қосалқы бөлім қызметкерлері аталмыш іс-шараны ән шашумен ашып, қазақ күресінен қыз қуудан және айтыс өнерін көрсетіп, ән мен биден шашу шашты.