Коммунальное государственное казенное предприятие

Аркалыкский политехнический колледж

04/10/2024  Пятница
        8 (71430) 7 59 83
Костанайская область, г. Аркалык, улица Абая 112

Арқалық политехникалық колледжінің

Дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы

Кудайбергенов Сырым Рыстанович

 

«Волейбол додасы»

Арқалық политехникалық колледжінің құрылғанына  10 жыл  толуына орай арнайы ұйымдастырылған , аймақтық  деңгейде волейболдың кубогі болып өтті.

Жарыстың мақсаты аймақтық білім беру, яғни Ы.Алтынсарин атындағы «Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты» және қала колледжі мен мектептері арасында  достық  қарым-қатынасты жаңғырта отырып, колледжіміздің мерей тойын атап өту. Бұл іс-шараның өтуіне қолдау көрсеткен колледжінің басшысы Оспанов Асқар Сәбитбекұлы.

Ұйымдастырылған іс-шараға білім беру  ұйымдарда қызмет ететін, әуесқой оқытушы волейболшылардан құралған    15 команда  бой  көрсетті.

Осы командалар бар мүмкіндіктерін  пайдалана отыра, жарысқа қызығушылықтары арта тартысты өтті. Волейболдан  ұйымдастырылған дода жоғары деңгейде өткенін атап кетуге болады.

Тартысты доданың соңында финалға 4 команда шықты, олар:

№1 орта мектеп командасы, №4 орта мектеп командасы, №10 орта мектеп командасы және Макаренко атындағы орта мектеп командасы.  Осы аталған азулы командалар ішінен жеңіс туын, №4 орта мектеп командасы желбіретті, 2 орын №10 орта мектеп командасына бұйырды, ал 3 орынды Макаренко атындағы орта мектеп алды.

Волейбол ойыны дегенде «ішкен асын жерге қояр» үздік спортшылармыздан  №1 орта мектебініңі дене шынықтыру пәні оқытушысы Кенжебеков Қанат ағамызға «үздік ойыншы»,   № 10 орта мектеп хатшысы   Оразбаева Айзадаға «допты үйлестіруші»,  Макаренко орта мектебінің  дене тәрбие пәнінің мұғалімі  Ерғалиев Ахметбекке    « үздік шабулшы »       номинациясы  табысталады. Жарысқа қатысушы командалар өз ризашылықтарын білдіріп жатты.

Директор кубогінің салтанатты  жабылуына  колледжміздің директоры Оспанов  А.С  ұлы  жарыс жеңімпаздарын мадақтап, медальдармен, кубокпен марапаттады.