Коммунальное государственное казенное предприятие

Аркалыкский политехнический колледж

05/10/2024  Суббота
        8 (71430) 7 59 83
Костанайская область, г. Аркалык, улица Абая 112

Жұмысшы мамандықтардың беделін арттыру, жас кадрларды экономиканың өндірістік секторын аттырту және кәсіптік білім берудің біліктілік стандарттарын жетілдіру мақсатында халықаралық талаптарды ескере отырып 2019 жылдың 8-12 сәуірі аралығында Қостанай қаласында он колледж базасында 22 құзыреттілік бойынша WorldSkills Kostanay бесінші өңірлік чемпионаты (бұдан әрі чемпионат) өткізілді. "Вагондарды сұрыптау дөңесінде тарату", "Кескіндеме" және "Хореография" құзыреттерін «ҚИНЭУ кәсіпкерлік колледжі» ЖМ және «Қостанай педагогикалық колледжі» чемпионатында бірінші рет ұсынды.

Чемпионатқа 160 - тан астам білім алушы, колледж түлектері және кәсіпорын өкілдері қатысты. Сондай-ақ биыл алғаш рет чемпионатқа ЖОО студенттері қатысты (А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ, М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университеті).

Қатысушылардың кәсіби шеберлігін оқытушылар, колледждердің өндірістік оқыту шеберлері мен әлеуметтік серіктестердің кәсіпорын өкілдері арасынан 200 -ден астам сарапшы бағалады. 30-дан астам әлеуметтік серіктес кәсіпорын чемпионатты өткізуге демеушілік көрсеткен.

Бесінші «WorldSkills Kostanay-2019» өңірлік чемпионатының бес құзыретіне біздің колледж қатысып жүлделі орындарға ие болдық. Әрине бұл жерде ерекше оқытушылардың еңбегі зор. Тоқтала кетер болсам төмендегідей құзыреттер бойынша қатыстық.

«Сән технологиясы» құзыреті бойынша білім алушы дайындаған Жапаргалиева А.Ж. білім алушысы Сүйінғара Аружан 3 орын иеленді.

«Слесарлық іс» құзыреті бойынша білім алушы дайындаған Қалиев Е.Қ. білім алушысы Сайлау Серікболсын 2 орын иеленді.

«Электромонтаж» құзыреті бойынша білім алушы дайындаған Алекешов Г.Х. білім алушысы Борзых С. сертификат иеленді.

«Жеңіл автомобильдерді жөндеу және қызмет көрсету» құзыреті бойынша білім алушы дайындаған Қалжанов Н.А. білім алушысы Байкула Елжас сертификат иеленді.

«Шаштараз өнері» құзыреті бойынша білім алушы дайындаған Ельясова М.Ж. білім алушысы Жаманбалина Салтанат сертификат иеленді.

Бұл жетістіктер колледжіміз үшін үлкен абырой деп санаймын. Оқытып отырған әр шәкіртті шығармашылық тұлға биігіне жеткізу мақсатында оқытудың озық үлгілерінде еңбек етіп жатқан оқытушылар еңбегіне, білім алушылар шығармашылығына колледж басшысы Оспанов А.С. үлкен табыс тіледі. Оқытушылар мен білімалушылар арнайы колледж басшысының ынталандыру 35 мың сертификатымен, колледж басшысының алғысымен, кәсіподақ ұйымының ынталандыруымен марапатталды.