Коммунальное государственное казенное предприятие

Аркалыкский политехнический колледж

05/10/2024  Суббота
        8 (71430) 7 59 83
Костанайская область, г. Аркалык, улица Абая 112

«Жас қалам» тіл мамандарының білім алушыларды шығармашылыққа баулу жоспары бойынша колледжімізде «Әлі талай жыр болып төгілерсің» тақырыбында қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевқа арналған әдеби кеш өтті. Әдеби кештің мақсаты білім алушылардың ойлау қабілеттерін арттырып,олардың өз ойын қорытып айта білуге үйрету. Білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дымытып, бос уақытын ұтымды ұйымдастыруға баули отырып, сонымен қатар ақиық ақынның, артына айрықша өшпейтін із қалдырған өмірі мен шығармашылығына шолу жасау.

М.Мақатаевтың өлеңдері мен әндері арқылы білім алушыларды әсемдікке, елжандылыққа тәрбиелей отырып, поэзия әлемінің сырын ашу. Әдеби кешіміз ақынның «Аққулар ұйықтағанда» поэмасымен театрланған көрініспен ашылды. Әдеби кешке колледждің 1-2 курс білім алушылары ат салысып ақынның өлеңдерін нақышына келтіріп мәнерлеп жаттап көрермендерге паш етті. Қыран тағдырлы ақын Мұқағали Мақатаевтің өмір жолынан деректер айтылып, ақын жайлы видео ролик көрсетілді. Сонымен қатар ақынның інмен айтылатын бірнеше өлеңдеріде сахна төрінде айтылды. Ақиық ақынға арналған әдеби кеш жоғары деңгейде өтті. Кешті өткізген және ұйымдастырған қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің бірінші санатты оқытушысы Калкаева Гулшат Тұрсынбайқызы мен екінші санаттағы қосымша білім беру педагогі Хамзина Салтанат Мырзалиқызы