Байқау мақсаты: Педагогикалық іс-әрекеттерінің нәтижелілігін, педагогтің кәсіптік құзыреттілігін, педагогтың педагогикалық іс-әрекеттерін өзіндік бағалауы және өз іс- тәжірибесін тарату мәліметтерін, педагогтің кәсіби шеберлігін, республика, облыс көлемінде білім беру ісінің дамуына қосқан педагогтің үлесін бағалау.
Байқауға қатысатын ұстаздармен таныстырып өтілді
1. Сабағында балқытады шойын менен болатты
Механиканы түсіндіру сүйікті ісі маманның
Бастайық бұл байқауды ең алдымен
Адрахманова Салтанат Жанбырбайқызы менен
Абдрахманова Салтанат Жанбырбаевна Өндірістік оқыту шебері.“Жас педагогтардың ашық сабақтарының панорамасы” Ү Республикалық мұғалімдер сайысының І орын иегері
2.Ағылшын тілін жетік меңгерген
Бұл апай ерекше жан екен
Шақырамыз ортаға қарсы алайық
Каражигитова Дана Таттигалиқызынқошеметпен
Каражигитова Дана Таттигалиевна Ағылшын тілі пәнінің оқытушысы. Республикалық Мен ХХІ ғасыр ұстазымын байқауының “Үздік сабақ” номинациясының І орын иегері.
3. Білімді ұстаз, бейімді ерекше.
Еңбегімен ортасына үлгі – өнеге.
Жұмысының жемісін көрсететін ,
Қарсы алыңыз Қалиев Ерқанат Қайратұлын
Калиев Ерканат Кайратулы Физика пәнінің оқытушысы. 2017 жылы қалалық «Алтын кітап» иегері; Облыстық «Worldskills Kostanay 2019» жобасында білім алушысы жеңімпаз болғаны үшін білім басқармасының Алғыс хат иегері.
4. Кір шалмайтын ешқашанда қабағын,
Насихаттың қадамына қарағын.
Шаш сәндеуді жақсы меңгерген
Қарсы алыңыз Ельясова Молдир Жанбусинқызын
Ельясова Молдир Жанбусиновна Өндірістік оқыту шебері.«Worldskills Kostanay 2019» жобасында білім алушы дайындағаны үшін білім басқармасының Алғыс хат иегері.
5. Қазақтың тарихын ол көрсетеді
Бәрінде картаменен сөйлетеді
Қарсы алыңыз Токаева Эльмира Муратқызын
Ол кісі жақсылыққа үйретеді.
Токаева Эльмира Муратовна Тарих, экономика және құқық негіздері пәнінің оқытушысы “Жұмбақ әлем” республикалық байқауда білім алушылары жүлделі орын алғаны үшін Алғыс хат иегері.
«Үздік оқытушы - 2019» байқауында белсенділік таныта білген қатысушыларға біз шынайы ақ ниетімізді білдіреміз. Сайысқа қатысушыларды құттықтау үшін сөз колледж директоры Оспанов А.С. беріледі.
Әділдікті жақтаған әрқашанда,
Тура сөзге әрдайым тоқтаған ба.
Байқауымызға әділ бағасын беретін
Әділқазы алқаларымен таныс болыңыздар.
1. Әділқазылар алқасының төрағасы: Оспанов А.С. - колледж директоры
2.Крыжанова И.В. - директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
3.Жиенбаева С.А. - директордың оқу әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары
4. Сулейменова Б.К. – бөлім меңгерушісі
5.Нұрманбетова А.С. - Арнайы пәндердің үздік оқытушысы облыстық конкурсының «Шығармашыл тұлға - педагог» номинация иегері.
Сайыстың барлық кезеңдерінде әділ қазылар алқасы байқауға қатысушылардың кәсіби қызметтегі жетістіктерін төмендегі критерийлер бойынша бағалайды:
1) педагогтың кәсіби құзыреттілігі (біліктілікті арттыру, инновациялық білім беру технологияларын, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану, кәсіби конкурстарға қатысу, зерттеу жұмыстарының нәтижелері (әзірлемелер, жарияланымдар, әдістемелік құралдар, БАҚ жарияланған мақалалар);
2) педагогтің өңірлердегі, республикадағы білім беруді дамытуға қосқан үлесі (білім беру жобаларын педагогикалық практикаға енгізу жұмыстары, қызметінің бағыты бойынша оқу-әдістемелік кешендер, авторлық бағдарламалар әзірлеу, инновациялық идеяларды насихаттау, кәсіби іс- шаралар: олимпиада, ғылыми-практикалық конференция, семинар, байқау, сайыстарға қатысу жетістігі);
3) білім алушылар жетістіктерінің оң серпінінде көрсетілген педагогикалық қызметтің нәтижелілігі (білім алушылардың оқу жетістіктерін мониторингілеу, қорытынды аттестаттау, білім алушылардың пәндік олимпиадалардағы, конкурстардағы, ғылыми-практикалық конференциялардағы конкурстардағы жетістіктері);
4) педагогтің кәсіби шеберлігін және жеке тұлғасын бағалау (шығармашылық жетістігі, алғыс хат, мақтау қағаздар, дипломдар).
Оқытушы әрекетінің тиімділігі мен нәтижелігі жеке қасиеттері (кәсіби шеберлігі, оқытушы жұмысының жүйесі, педагогикалық көкейкөздігі, суырып салмалы, ұйымдастырушылық қабілеттері және жаңашылдығы қаралады, 1 - 5 баллдық бағамен бағаланады)
Байқау 4 кезеңнен тұрады:
«Үздік оқытушы» байқауының кезеңдері:
Бірінші кезең.«Мен және менің педагогикалық қызметім, ұстанымым» визиттік карточкасы. Бұл кезеңде байқауға қатысушылар өздерін таныстырып, педагогикалық ұстанымына тоқталып, электронды портфолиосын көрсету. Берілген уақыт – 5 минут. Ең жоғары ұпай саны – 5.
Бағалау критерийлері:
Оқытушылар өздерінің аты-жөні, қандай пәннен дәріс беретіндігін таныстырып өту. Оқытушының электронды портфолиосы, сайыскердің шығармашылық таныстыру презентациясы оқытушының тәжірибесін, педагогикалық ұстанымын, ой-пікірін, оқу-тәрбие процесінде пән бойынша оқытудың жаңа педагогикалық және ақпараттық технологияларын қолдануы, педагогтың кәсіби деңгейін көрсетуі керек, біліктілік арттыруы, кәсіби өсуі, әдістемелік немесе ғылыми-зерттеу тақырыбы мен бағдарламасы, білім беру деңгейі, қатысушының баяндамасын стендпен, көрмемен, слайд және видеоматериалдармен сүйемелдеуге болады.
Екінші кезең.Шеберлік сынып. «Менің инновациялық сабағым». Жаңа технология элементтерін пайдалана отырып өткізілген сабақтар панаромасын жасау. Берілген уақыты – 10 минут. Ең жоғары ұпай саны – 5.
Бұл кезеңде сайыскерлер сабақ кезеңдерінің өзі таңдаған бір бөлімін көрсету қажет, одан әрі жұмыс қызметіндегі бір сабақты интербелсенді тақтамен түсіндіріп өту. Байқауға қатысушылар оқу жоспары мен бағдарламаға сәйкес тақырыпқа жаңа технология элементтерін пайдаланған әдістемелік, дидактикалық, көрнекі құралдар көрмесін ұйымдастырып, кәсіптік шеберлігін және шығармашылық қабілеттерін анықтайтын тапсырма түрлерімен дайындаған бір тақырыпқа құрылған сабақ жоспарын әділ қазылар алқасына ұсыну.
Байқауға қатысушы оқытушының пән бойынша беретін панорамалық сабағы төмендегідей өлшемдер бойынша бағаланады:
-өз пәнін жетік білуі, эрудициясы, педагогикалық әдеп;
-педагогикалық және әдістемелік шеберлігі;
-оқытудың қазіргі технологиясын пайдалануы, сабақтың жаңашылдығы;
-сабақтың мақсатын таңдау негіздемесі және технологиясы;
-сабақтың мақсатының қойылуы (нақтылық, дәлелділік, қолжетімділік,
өлшемділік).
- тақырыптың толық ашылуы, әдістемелік әдістердің ерекшелігі, ғылымилығы;
- педагогтың ақпарат көздерінің түрлі нысандарын пайдалануды ұйымдастыру қабілеті;
- білім беру үрдісінде инновациялық технологияларды қолдану деңгейі;
- оқушылардың ынтасы мен белсенділік іс-әрекетін жоғары деңгейде ұйымдастыра білу қабілетіне арналған тапсырмалардың жүйелігі;
Үшінші кезең.«Ұстаз шеберлігі – ұлылық негізі». Педагогикалық жағдаяттарды шешу. Берілген уақыты – 3 минут. Ең жоғары ұпай саны – 5.
Бұл кезең бойынша байқауға қатысушыларға жағдаяттық сұрақтар қойылады. Қойылған сұраққа ұтымды дәл жауап беру қажет.
Бағалау критерийлері:
- ойын нақты және түсінікті дәл жеткізуі;
- ой өрісінің кеңдігі;
- жан - жақтылық, тығырықтан жол таба білуі;
Төртінші кезең.«Бойымда бар өнерім». Оқытушының өз өнерін көрсетуі. Берілген уақыты - 5 минут. Ең жоғары ұпай саны - 5.
Бағалау критерийлері:
- кәсіби шеберлігі;
- жан –жақтылығы;
- шығармашылығы;
- өнері;
- ұйымдастырушылығы;
Бұл кезең бойынша байқауға қатысушыларға реттік номерлері бойынша жағдаяттық сұрақтар қойылады. Қойылған сұраққа ұтымды дәл жауап беру қажет.
“Бойымда бар өнерім” атты соңғы кезеңімізді бастаймыз.Оқытушының өз өнерін көрсетуі. Берілген уақыты - 5 минут. Ең жоғары ұпай саны - 5.
Сөз кезегі әділ қазы мүшелеріне беріледі.
«Үздік оқытушы - 2019» байқауының жеңімпаздары
1. І – орын Токаева Эльмира Муратовна Тарих, экономика және құқық негіздері пәнінің оқытушысы
2. ІІ – орын Калиев Ерканат Кайратулы Физика пәнінің оқытушысы.
3. ІІІ – орын Каражигитова Дана Таттигалиевна Ағылшын тілі пәнінің оқытушысы.
«Шығармашыл оқытушы»номинациясы дипломмен Абдрахманова Салтанат Жанбырбаевна Өндірістік оқыту шебері.«Ізденімпаз оқытушы» номинациясы дипломмен Ельясова Молдир Жанбусиновна Өндірістік оқыту шебері марапатталды.
«Үздік оқытушы - 2019» байқауының жеңімпазы І орын иегері Токаева Эльмира Муратовна колледж басшысының демеушілігімен 5000 тг Сертификат ұсынылды.
Бүгінгі байқауға қатысушыларды колледжіміздің кәсіподақ ұжымы атынан кәсіподақ төрайымы Кокашева Гулден Акзабайқызы құттықтады.
Қатысушыларды «Топтамалық комиссия төрайымдары» Мажитова Назгул Жалгасбековна, Балмашева Багила Кенжегариевна, Еденова Индира Ескермесовна құттықтап жылы лебіздерін білдірді.