Коммунальное государственное казенное предприятие

Аркалыкский политехнический колледж

23/11/2024  Суббота
        8 (71430) 7 59 83
Костанайская область, г. Аркалык, улица Абая 112

«Жарқын белестерге бастаған білікті басшы».

Арқалық политехникалық колледжінің

әдіскері Айтмаганбетова Балым Серікқызы

Торғайдың киелі топырағымен суынан нәр алып, Ахаң мен Жақаң секілді ел ағаларының салып кеткен сара жолдарын ұстанып, Қазақстанның жарқын болашағы жолында биік белестерге жетелейтін жаңа буынға тәрбие және ұстазарға бағыт беруде еңбегі ерекше жан. Ұстаздық жолды таңдаған, өмірін ұрпақ тәрбиесіне арнаған Торғайдың тумасы Оспанов  Асқар Сәбитбекұлы, Жанкелдин ауданы Шеген аулының «Аманкелді орта мектебін» бітіріп, білімге деген құштарлығы мен еліне қызмет етуді алдына мақсат етіп қойған Асқар ағамыз 1995 жылы Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтына түсіп, осы білім ордасынан сусындап, 1999 жылы  білікті маман болып бітіріп шығады. Осы жылдан бастап білім саласында қажырлы еңбек етіп келген Асқар Сәбитбекұлы қазіргі таңда Арқалық шахарындағы білім ордаларының бірі Арқалық политехникалық колледжінің басшысы қызметін атқарып отыр. Асқар Сәбитбекұлы аталған колледжге 2015 жылдың наурыз айынан бастап басшылық қызметке келді.  Асқар Сәбитбекұлы басшылық еткен білім ошағында жүзге жуық қызметкерлер болса, соның ішінде елуге тарта ұстаздар қауымы бар. Биылғы жылы, яғни  2016 жылы «Арқалық политехникалық колледжіне» 10 жыл толуда. Не бір дана сөздердің бәрі қазақ халқынан шыққаны рас. «Жас келсе - іске» дегендей, басшымыз колледжімізге тың жаңалықтармен, өзгерістер әкелуде. Сонымен қатар жас ұстаздар қауымын жігерлендіріп, бар мүмкіндіктерін пайдалана отыра біліммен толысуларына бағыт беріп келеді. Биылғы оқу жылының өзінде колледжімізде болған тың жаңалық, оқытушыларымыз бен өндірістік оқыту шеберлерінің талпынысын жоғарлату, талаптарын ұштау мақсатында оқытушыларымызбен,  өндістік оқыту шеберлерінің арасынан білімі мен біліктігі жағынан үздік деп таныған,  өндірістік оқытудағы шеберіміз Бекеева Дидар Хамитқызына «Жыл адамы» атағын берді. Сонымен қатар студент тәрбиелеуде оқытушыларымыз бен өндірістік оқытудағы шеберлеріміздің бір – бірлерінен тәжірибе алмасу жұмыстарын жасаулары үшін, колледжішілік семинарлардың өтуіне ықпал жасады. Оқыту мен тәрбиелеудің егіз ұғым екендігін айта отыра, колледжіміздің білім беру процесінің бір орында тұрмай дамуы үшін, ұстаздар қауымы арасында «Педагогикалық оқулар» өткізіліп, көптеген дәріс берудегі иновациялық технологиялардың әр ұстазға берері мол екендігін көрсетіп өттік. Колледжіміздің алға басу істерінде атқарылып жатқан іс-шараларымыздың бәріне қолдау көрсетіп, бағыт беріп отырған Асқар Сәбитбекұлы әлі талай тың жаңалақтар әкелетіні анық. Дегенмен, басшының қасында берген бағыты мен ойын жүзеге асыруда жұмылған жұдырықтай бірігіп бас көтерсе аспайтын асу мен алынбайтын қамалдың жоқтығын айтқым келеді. Сонымен қатар басшының әріптестеріне, басшылық ақылымен айтқан сын – пікірлерін дұрыс қабылдап, жанашырлықпен айтылған бағытын бойларына сіңіре білген әріптестері «бір жағадан – бас, бір жеңнен – қол  ұсынуға» дайын.  Осы атаулы жылы колледжіміздің мерейлі 10 жылдығына орай,  колледжіміздің мәртебесі үшін көптеген іс-шаралардың жоспарларын Асқар Сәбитбекұлы басшылық жасай отыра құрылды. Атап кетсем, осы суір айында қалалық шеңберде білім беретін ұйымдар арасында, волейболдан спорттық ауқымды іс-шара болып өтпекші. Бұл іс – шараның мақсаты қаламыздағы оқу орындарымен достық қарым – қатынаста болу және директордың кубогын қою. Осы іс-шараның абройлы өтуіне колледжіміздің директорының тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары Сейткалиева Гүлзада Байдрахманқызы және колледжіміздің дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы Құдайбергенов Сырым Рыстанұлы бар мүмкіндіктерін пайдалануда. Сонымен қатар, аймақтық деңгейде ұстаздардың басын біріктіретін тағылымы мол семинар жоспарлануда. Барлық жоспарланған игі істердің бәрі колледжіміздің басшысының қырағылығы мен ойының ұшқырлығының арқасында жүзеге асуда. Білікті басшымыз Оспанов Асқар Сәбитбекұлының жеткен жетістігі, шыққан асуынан гөрі әлі қоғамға берері мол дегім келеді. Бұған шүбәсіз сенемін.