Коммунальное государственное казенное предприятие

Аркалыкский политехнический колледж

05/10/2024  Суббота
        8 (71430) 7 59 83
Костанайская область, г. Аркалык, улица Абая 112

«Мың өліп, мың тірілген» қазақ елі жиырмасыншы ғасырдың соңында тарих сахнасында тағы бір жарқ етті. Өз түтінін өзі түтетуге жол ашқан тәуелсіздікке қол жеткізу тарихында төл рәміздер дүниеге келген сәт - ерекше орын алады. Ешқашан естен шығаруға болмайтын бір ақиқат бар. Ол - мемлекеттік рәміздердің тек көркем образ ғана емес, тәуелсіз мемлекет құру идеясының жаршысы екендігі. Олар осы ізгі сезімді адамдардың жан дүниесіне сіңіріп, ақыл-ойын дарытуға қызмет етеді.

Осы орайда Арқалық политехникалық колледжі бұл тарихи күнді атап өтті. Нақты айтатын болсақ Арқалық қаласының жастар ресурстық орталығымен бірлесе отырып мәжіліс залында салтанатты жиын өткіздік. Бұл іс-шараның мағынасы зор, себебі көрсетілген бейне материал, оқылған баяндама, шырқалған әндер, сахна төрінде тұрған мемлекеттік рәміздеріміз – біздің мақтанышымыз, әр адамның жүрегінде туған жеріне деген махаббат, мемлекеттік рәміздерге құрмет, Отанға деген патриоттық сезімдерді оятады.

Олай болса, тәуелсіздігіміздің тұмарына айналған мемлекеттік рәміздеріміз болашаққа бет түзеген ұлы көшімізді демеп, игі істерімізді қолдай берсін! Әрдайым еліміз тыныш, халқымыз аман, туымыздың мәртебесі биік болсын, ағайын!

Директордың ТЖ жөніңдегі орынбасары Салтанат Ахметова