Коммунальное государственное казенное предприятие

Аркалыкский политехнический колледж

23/11/2024  Суббота
        8 (71430) 7 59 83
Костанайская область, г. Аркалык, улица Абая 112

Қайырымдылық жасай білейік!

 

Арқалық политехникалық колледжінің

әлеуметтік педагогы Толеген Лаира

 

« Қайырымдылық жасасаң қайырымын өзің көресің» - деген екен дана халық. Қайырымдылық – халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі.

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев халқымызға тебіреніске толы сөз айтқан еді: «Тәуелсізді баян ету аңсар мұратымыз, өтпелі шақтағы қиындықты жеңу азаматтық міндетіміз, ал тұрмысы төмен азаматтарға, ата-аналарының қамқорынсыз қалған балаларға қолдау көрсету адамгершілік парымыз».Осындай  мақсатпен Арқалық политехникалық колледжінде  «Қамқоршы күні» болып өтті. Акция барысында жомарттық тангытып, өзінің азаматтық тұлға ретінде «Master Print» жеке кәсіпкер Еркебұлан  Инганұлы біздің колледж де оқитын студенттерге көмек көрсетті. Осындай көзі ашық ел жастары көп екекеніне көзіміз жетті. Болашақта еліміздің өркендеуіне білімді жастар ғана биік асулардан аса алатынын ескерсек, балаларға жасаған қамқорлық елімізге еселеп қайтатыны анық. Ел тірегі, ертеңіміздің кепілі болған жас ұрпақ! Қазіргі уақытта қамқорлық пен қолдауға мұқтаж болған, көңілдерін шер, қабақтарын мұң басқандар, әр адамнан қайырымдылық, алақандарынан жылулық сезімін күтеді.«Қайырымдылық акциясын» ұйымдастыруға ұйытқы болып отырған колледж басшысына, колледж әкімшілігіне,жеке кәсіпкер Еркебұлан Инганұлына қол ұшын беруге ат салысып отырған ұстаздар қауымына айтар алғысымыз шексіз.Осындай  қайырымдылық акциялары әлі де жалғасын таба береді деп сенеміз. «Жылуы жоқ үйден без, қайырымы жоқ биден без», - дегендей қайырымдылық адамгершілікті биік ұстап, кісілікті ту етіп, көкірегі қаяулы, жаны жаралы жанның жасын сүртіп, жылы лебізін аямай, балаға шын жүрегімен көмек көрсеткен ана-анағаларға «тамшыдан теңіз құралады» деп қолдан келген көмектерін аямады. «Жан шуағы» тақырыбында  өткізілген  іс-шарамызға колледжіміздің студенттері белсенді түрде қатысты.  Соңы мерекелік дастархан мен ән,би өнер кешіне ұласты.

Жүректеріңіздегі мейірім оты жалындай берсін, жақсылық пен қайырымдылық әр баланың жүрегіне қуаныш сыйласын.  Балалардың алғысы сіздердің отбасыңызға ақ нұр болып жаусын, қайырымды жандар!» - деп коледж  ұжымы алғысын білдіреді.  Ел еңсесін биіктеткен осындай мерейлі істер жаңа көк жиектерге бастай берсін, ата-бабамыздан мұра болып қалған қайырымдылық пен жомарттық болашақта да өз қадірін жоймаса екен, балаға жасаған жақсылық - өзімізге жасаған жақсылық деп білейік ағайын! 

 

 

Жүрегім менің мейірімге толы

Арқалық политехникалық колледжінің

әлеуметтік педагогы Толеген Лаира

 

Арқалық политехникалық колледжінің 2015-2016 оқу жылында      «Жүрегім менің мейірімге толы»  қайырымдылық акциясы өтті.

      2016– жылдың 15 ақпаннан бастап 15 наурызға дейін  « Қайырымдылық » акциясы өтті. Мақсаты: Аз қамтылған, көп балалы отбасылырдың және жетім балалар мен мүгедек балаларға көмек көрсету. №12 жатақханада тұратын  « Жағдайы төмен » отбасы балаларына көмек көрсету. «Қайырымдылық» акциясына колледж  әкімшілігі, Өндірістік оқыту шеберлері, кураторлар, пән мұғалімдер  тарапынан әр группада оқитын жағдайы төмен студенттерге қол ұшын беріп, бір кісідей ат салысып жағдайы төмен студентерге, аз қамтылған, көп балалы отбасынан шыққан студенттергекөмектесті. Колледж ішінде стенд газеті , «Жүрегім менің мейірімге толы» атты жәшік қойылды.Жиналған қаражатқа  толық емес отбасыларына, аса мұқтаж отбасыларына  оқу-құралдарына, ақшалай көмек көрсетілді. «Қайырымдылық» акциясына мұғалімдер мен студенттер де белсене араласты. Өндірістік оқыту шеберлерімен кураторлар, студенттердің   күшімен жиналған қаражатқа  қайырымдылыққа мұқтаж балаларға киім, аяқ киім, керек  құралдарына заттарға жұмсалды. Барлық қайырымдылық жұмыстарының негізі балалар құқығы қорғау мен адамгершілік құндылыұтарды сақтау болып табылады. Акция бұдан әрі өз жалғасын табады деп, жоспарлануда.Қоғамның назарын тұрмыс жағдайы төмен отбасылардан шыққан балаларға, жетім балаларға аудару және оларға үнемі көмек көрсету, сондай-ақ аз қамтамасыз етілген балалар мен әлеуметтік жетім баспаналарының тәр­биеленушілеріне коммерциялық құрылымдар мен мемлекеттік емес ұйымдардың санынан демеушілер іздеу. Жастардың бойында патриоттық сананы қалыптастыру. Акция барысында осындай категориядан шыққан балаларға көмектесуге мүмкіндігі бар, ынта білдіріп отырған әрбір адам, сондай-ақ қалалық мәслихат депутаттары, бизнес құрылымдардың басшылары, мемлекеттік емес ұйымдар қатысып, балаларға  қажетті құрал-жабдықтар оқу жылының басына дейін табыс етілді. Жыл сайын ұйымдастырылатын республикалық акция барысында көмекке мұқтаж жандарға қамқорлық жасауға шақырамыз.

 

«Иманды жас – ұлт болашағы » атты кездесу өтті.

Арқалық политехникалық колледжінің

әлеуметтік педагогы Толеген Лаира

 

29 ақпан күні Дін мәселері бойынша Арқалық политехникалық колледжінің I, II курс студенттері: Арқалық мешітінің бас иманы Бектұрсын Торғайбайұлы мен Арқалық қалалық ішкі саясат бөлімінің бас маманы телог Әсет Бауыржанұлы жұмыс жоспарына сәйкес Арқалық политехникалық колледжінің оқытушылары мен студенттерімен кездесті.

 «Қазіргі кезде ел болашағы- жастардың қолында, Қазақстанның келешегін көркейтетін білімід ұрпақ » - дейді Елбасы Н.Ә.Назарбаев.

 

Қазіргі таңда орын алып отырған дәстүрлі емес діни ағымдардың жастар өміріне қауіп төндіріп, еліміздің бейбітшілігі мен тыныштығына нұқсан келтіретіндігіне айырықша тоқталған мешіттің бас иманы Бектұрсын Торғайбайұлы ел арасындағы түрлі секталардан сақтану жолдары жайлы кең ауқымды мағлұмат берді.  Арқалық қалалық ішкі саясат бөлімінің бас маманы телог Әсет Бауыржанұлы жиналған студенттердің 50 пайызы өзге ұлт өкілдері екенін ескере келе, барлық жиналған қауымға ұғынықты болу үшін әңгімені ресми тілде жалғастырды. Ағымдағы жылы аталмыш оқу орынына Балалар үйінен келген және Оңтүстік өңірден келген 25 жас студент қатарына енген болатын. Бас маман телог өзіде  Балалар үйінен тәрбиеленген  балалар мен дос болғаны сөзге тиек ете келе, жиналған жастармен үлгі боларлықтай өнегелі әңгіме жүргізілді. Соңымен қатар бұл бас қосуда қоғамдағы дінаралық, конфессияаралық келісім мен тұрақтылықтың маңызды мәселері талқыланды.

 Кездесу соңында колледждің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сейкалиева Г.Б. бас иманға және ішкі саясат бөлімінің бас маманы телогқа студенттер атынан алғыс білдірді. Қоғамда орын алып отырған осы тақырып төңірегінде колледж жастарымен мазмұнды сұхбат өткізіп, даналықпен көркем уағыздарын жеткізді.