Коммунальное государственное казенное предприятие

Аркалыкский политехнический колледж

23/11/2024  Суббота
        8 (71430) 7 59 83
Костанайская область, г. Аркалык, улица Абая 112

«Спорт – денсаулық кепілі»

Арқалық политехникалық колледжінің

Дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы

Кудайбергенов Сырым Рыстанович

«Қазақстандықтар елдің өркендеуі әр азаматтың еңбегіне, оның біліміне, жауапкершілігіне байланысты болып табылатын біртұтас және бөлінбейтін отбасы» деп, Қазақстанның болашығымен тығыз байланысты еліміздің жастарына Елбасымыз айтып өткен. Осы сөзді арқау етіп, 2016 жылдың қаңтар айында Арқалық политехникалық колледжінің ұжымы арасында, кең көлемді, тартысты, спорттық іс-шара болып өтті.

Бұл іс-шараның мақсаты: «Бір жағадан бас, бір жеңнен қол» шығатындай ұжым арасындағы бірлік пен татулықты нығайту, халқымыздың салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағыт беру, колледж ұжымының арасындағы үздік спортшыларды анықтау болды.

 Бұл жарыста  спорттың алты түрінен бақ сынасқан колледж ұжымынан құралған төрт команда қатыстырылды.

Атап айтар болсақ, Колледж әкімшілігі командасы, Өндірісте оқыту шеберлер командасы, Жалпы білім беретін пәндер оқытушыларынан құралған команда және Техникалық көмек көрсету қызметкерлері қатарынан құралған командалар  болды.

Сайыстың алғашқы күні дойбы, тоғызқұмалақ  және дартс ойыны түрлерінен командалар арасында тартысқа толы жарыс өткізілді. Жарыстың екінші күндері үстел теннисі мен шаңғыдан командалар бақ сынасты. Жарыстың соңғы күндерінде волейбол ойыны жүргізіліп, төрт команда арасында айналмалы түрде ережеге сәйкес ойын өткізілді. Командаларға алты спорттық ойын түрлерінен жинаған ұпай сандарына орай, жүлделі орындар тағайындалып, кәсіподақ ұйымынан бөлінген қаржылай сый ақылармен және   мадақтамалармен марапатталды. Колледжішілік ұйымдастырылған жарыстан түйгенім, ұжым арасындағы сыйластық пен жанкүйерлікті нығайтып және де  биылғы оқу жылында жаңадан келген жас мамандарды еңбек етумен қатар спортқа деген қызығушылықтарын артыттыру арқылы шапшаңдыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелей отырып ұжым бірлігін сақтауға болатынын байқадым. Еліміздегі жаппай спортты және дене тәрбиесін дамыту мақсатында Арқалық политехникалық колледжіде өз үлесін қосуда.  Сөз соңында, «Жұмыла көтерген жүк жеңіл дегендей» ұжым арасындағы татулық, бірліктің арқасында екенін айтып кеткім келеді.