Коммунальное государственное казенное предприятие

Аркалыкский политехнический колледж

04/10/2024  Пятница
        8 (71430) 7 59 83
Костанайская область, г. Аркалык, улица Абая 112

«Шеберліктерін шыңдаған кәсіби мамандар»

Арқалық политехникалық колледжінің

 әдіскері Айтмағанбетова Балым Сериковна

2015-2016 оқу жылында Арқалық политехникалық колледжінің оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлерін облыстық, республикалық конкурстарға жіберу арқылы көптеген жетістіктерге ие болдық. Биылғы оқу жылындағы колледжіміздің серпілісі, алға жылжуы ауыз толтырып айтарлықтай десек қателеспеген болар едік. Осыған дәлел болып отырған «ХХІ ғасырдың білікті бәсекеге қабілетті адами капиталы» тақырыбында Республикалық Ғылыми – Әдістемелік орталығының 10 жылдығына арнайы ұйымдастырылған, Республикалық ғылыми-практикалық бейнеинтернет конференциясында колледжіміздің І санаттағы өндірістік оқыту шеберлері Бекеева Дидар Хамитқызы мен Жапаргалиева Асемкул Жаксылыковна  өз шығармашылықтарымен ерекшеленіп, үздік саналып сертификат иеленді. Және де Феодровкада облыстық, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Техникалық және кәсіптік білім берудің өңірлік ғылыми-әдістемелік орталығы» ұйымдастырған семинарға, біздің колледжіміздің І санатты өндірісте оқыту шебері Еденова Индира Ескермесовна өз белсенділігімен көзге түсіп сертификат алып абыроймен келді. Сонымен қатар Республикалық «ZIAT» ғылыми – әдістемелік орталығында болып өткен «Жас педагогтардың ашық сабақтарының панорамасы» атты V Республикалық оқытушылар арасында ұйымдастырылған сайыста колледжімізге биылғы жылы келген жас мамандар,  өндірісте оқыту шеберлеріміз Абдрахманова Салтанат Жанбырбаевна мен  Орғара Тоғжан Максутжановна І дәрежелі дипломмен марапатталды. Осы аталған Ғылыми-әдістемелік орталықтан алғашқы әскери дайындық пәнінің жоғары дәрежелі санаттағы оқытушысы Арыспаев Қайырғали Қайыржанұлы «компютерлік технологияларды қолданудағы үздік сабақ» конкурсында және «Педагогтың шығармашылық идеялары» тақырыбында өткен байқауда  өндірісте оқытудағы шеберіміз   ІІ санаттағы маман Шерманова Патима Дүйсенбековнада І дәрежелі дипломмен марапатталды. Жалпы биылғы жылғы оқу  процесінде колледжіміздің оқытушылары өздерінің бар мүмкіндіктерін пайдалануда. «Талаптыға нұр жауар» дегендей талпынған адам көптеген жетістіктерге жететіндіктерін басқа ұстаздар қауымына, колледжіміздің үздік ұстаздары өз жетістіктерімен дәлелдеп бергендей. Осы ұстаздарымыздың мүмкіндіктерінің зор екендігін алға тарта бағыт беріп, жас мамандарымзға жол көрсетуші колледжіміздің директорының ғылыми – ісі жөніндегі орынбасары Қожахметов Дархан Шомытұлы жетекшілік етуде. «Бұлақ көрсең – көзін аш» деп, жас мамандарымызды әлі де талай жетістіктерге жетулеріне көмек көрсете беретінімізге сенеміз.