Колледж жоспарына сәйкес екінші әдістемелік кеңесте аттестатталушы бірінші санатты оқытушылар Бекеева Д.Х және Торғайбайұлы Д. «Педагогикалық /Француз/ шеберханалар технологиясы» тақырыбында өз тәжірибелерімен бөлісті.
Баланы оқыту мен дамытудың жүйесіне нәтижелі әдістерді енгізуді негізгі мақсатқа ала отырып, проблемалар қоя білу дағдыларын, креативті шеберлікті дамыту, шығармашылық қабілеттілігіне деген өзінің сенімділігін арттыруға тәрбиелеу.
Шеберлік сыныбында оқытушылар сыни көзқарас әдісінің көмегі арқылы қолда бар ақпараттар мен мәліметтерді шығармашылық міндеттерді өз бетінше шешу, пікірлерді, тәсілдерді салыстыру, пікірге, басқа нұсқаға және т. б. құрметпен қарау, пәндік бағытта белгілі бір қозғалыс беретін бірқатар тапсырмаларды қамтыды.
«Шеберлікке шек жоқ» нақыл сөзін пайдаланып біздің білім алушылар болашақта өз ісінің шебері болуы үшін, талмай, шаршамай ұстаздық жолында жұмысымызды әрі қарай жалғастырайық.
Арқалық политехникалық колледжінде пән оқытушылары Бекеева Д.Х, Торғайбайұлы Д.