16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Тамыры терең, тұғыры биік – Тәуелсіздік» апталық аясында Арқалық политехникалық колледжінде жастар ісі жөніңдегі комитетінің ұымдастыруымен "Жігіт сұлтаны–2019" байқауы өткізілді. Сайыс "Мен Алаштың ұлымын"– ұлттық киім үлгісінде өзін таныстыру, "Өнерлі өрге жүзер" – өнер сайысы, "Біздің күшіміз бірлікте" – спорттық сайыс, "Білімді мыңды жығар" – сұраққа жауап беру, "Қол өнер" – үй тапсырма болды. Сайысқа 9 үміткер қатысып, бақтарын сынады. Нәтижесінде дүбірлі доданы үкілеген жүйрігі 4 курс студенті Тұрғанбаев Ерназар бас жүлдені қанжығасына байлады. 1-ші орынға Жұмабай Ерсултан ие болса, 2-ші орынды Алтай Данияр, 3-ші орында Қуанышев Аман алды. Өзге қатысушылар да номинациялар бойынша дипломмен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Директорыдың ТЖ жөніңдегі орынбасары Салтанат Ахметова