Коммунальное государственное казенное предприятие

Аркалыкский политехнический колледж

04/10/2024  Пятница
        8 (71430) 7 59 83
Костанайская область, г. Аркалык, улица Абая 112

Арқалық политехникалық колледжінде Техникалық пәндер бірлестігінің апталығы 25-30.11.2019 аралығында өткізілді. Апталықтың алғашқы күні ТӘК төрайымы мен оқытушылардың ұйымдастыруымен салтанатты түрде ашылумен басталды. Апталық барысында «Электр жабдықтарына қызмет көрсету электрмонтері», «Электрлік және электрмеханикалық жабдықтар», «Ауыл шаруашылығы техникасына ТҚК және жөндеу», «Автокөліктерге ТҚК және жөндеу» және «Ғимараттар мен құрылыстарды құру, пайдалану» мамандықтары көрме жасап колледждің 2 ші қабатында өз мамандықтарының көрнекіліктері мен макеттерін және қабырға газеттерін колледж білімалушыларына тамашалауға қойды. Апталықтың үшінші күні ЭМ-02 тобында арнайы пән оқытушысы Абдрахманова С.Ж «Электр машиналары және аппараттары» пәні бойынша ашық сабағын өткізді.

Апталықтың қалған күндерінде сабақтан тыс іс шаралар өткізілді атап өтсек,арнайы пәндер оқытушысы Оспанов Ч.И «Үздік көшбасшы» сайысы,арнай пән оқытушылары Калиев А.С мен Бек Б.Б «Кім білгір?» атты сайын ұйымдастырған болатын және апталықтың соңғы күні «Ол не? Кайда? Қашан ?» атты сайысты өндірістік оқу шеберлері Жунусов Т.Г пен Тойшыбеков Б.О өткізіп,апталықты аяқтады.Апталықты қортындылау және сайыстар мен ашық сабақтарға белсенді қатысқан білімалушыларды марапаттау 30.11.19 күні колледждің спорт залында салтанатты жабылуында табысталды.