Коммунальное государственное казенное предприятие

Аркалыкский политехнический колледж

04/10/2024  Пятница
        8 (71430) 7 59 83
Костанайская область, г. Аркалык, улица Абая 112

Жыл он екі айдың желтоқсаны келгенде үлкен-кішіміз әбігерге түсіп, небір түрлі-түсті жарқырауық моншақтарға оранған жасыл шыршаны, Аяз ата мен Қарша қызды күтеміз. Әсіресе, кішкентай бүлдіршіндеріміз асыға күтетіні анық. Міне, осы кішкентей бүлдіршіндерге арналған Жаңа жылдық шырша мерекесін колледжіміздің мұғалімдерінің балаларына арнап, жастар ісі жөніндегі комитеттің ұйымдастыруымен «Қош келдің жана-жыл ортамызға!» атты ертенгілік өткізілді.

Студенттеріміз кішкентай бүлдіршіндерге даярлаған қызықты мерекелік схналық қойылымын көрсетіп, ертегілер кейіпкерлері қонаққа келіп, қарша қыздарымыз би билеп, мерекелік қуаныш, көңілді сый құрмет көрсетті. Балалар әр түрлі ертегілер кейіпкерлерінің киімін киген, барлығы әдемі, тура сиқырлы елде жүргендей. Сонымен қатар, ертенгілікте жана жылдық байкау өткізілді. Мерекеге ерекше киініп келген, жана жылдық ерекше тақпақ айтқан, аяз атаға арнап өлең айтып, би билеген бүлдіршіндерге кәсіподақ ұйымының атынан түрлі ойыншықтар сыйлыққа беріліп, аяз атаның қолы қойылған мадақтамалар мен марапаттарға ие болған бүлдіршін балғындардың қуанышында шек болмады. Ертенгілігіміз мерекелік би кешіне жалғасты.

Студенттерге арналған Жаңа жылдық балмаскарад!-2020 

Арқалық қалалық жасөспірімдер театрында колледжіміздің студенттеріне арналған жаңа жылдық балмаскарад кеші өткізілді. Аяз атамен ақшақар, ескі жылмен жаңа жыл келіп, құттықтауларын арнады. Жастар ісі жөніндегі комитет мүшелері аяз ата мен ақшақар кейіпкерін сомдап, әр топ студенттерінің заманаиу тұрғыда жаңа жылдық жаңа стильде арнайы дайындаған топтық жаңа билерін көрсетті, жаңа жылдық әсем әуенде шырқалды. Сонымен қатар, жаңа жылдық вальс биінде арнады (жұптасып билеу). Аяз атамен акшакар жұмбак жасырып, ойындар ойнатылып, викториналық сұрақтар қойылды. Жеңімпаздарымызға аяз атамыз тәтті сыйлықтар ұсынды. То-21 тобының студенті Маслов Роберт. ОП-27 тобының студенті Пилеева Заира кеш жүргізушілері болдыКешіміз әрі қарай жаңа жылдық би кешіне жалғасты. ДИСКОТЕК!