Коммунальное государственное казенное предприятие

Аркалыкский политехнический колледж

24/11/2024  Воскресенье
        8 (71430) 7 59 83
Костанайская область, г. Аркалык, улица Абая 112

«Рухани жаңғыру»: «Тәрбие және білім» бағыты аясында ұйымдастырылған «Педагогтың кәсіби құзыреттілігі – білім сапасын көтерудің факторы» тақырыбындағы колледж ішілік педагогикалық оқу жоспарға сәйкес 10 қаңтар күні өтті

Арқалық политехникалық колледжі Директордың оқу әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары Жиенбаева С.А.

Педагогикалық оқудың өткізілуі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына, Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқына «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты жолдауы және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақалаға сәйкес «Тәрбие және білім» бағыты аясында ұйымдастырылды.

Тұңғыш елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы екінші бөлімде мемлекетіміздің таяу жылдардағы міндеттері нақтыланған. Тұтастай білімнің жаңғыруына негізделген бағытта жастардың рухани жігерін патриотизммен байланыстырған. Мемлекет алдындағы міндет ұлт болашағының саналы болуы үшін аянбай еңбек ету қажет. Бүгінгі бала ертеңгі күні туған жерін түлетуші тұлға. Ал, оларға бағыт - бағдар беруші оның ұстазы яғни оқытушылар.

Бүгінгі педагогикалық оқудың негізгі мақсаты - білім беру саласы қызметкерлерінің педагогикалық шеберлігін көтеру, білім алушыларды тәрбиелеу мен оқытудағы озық инновациялық педагогикалық тәжірбиелерді жинақтау, тарату.

Педагогикалық оқуға қатысушыларға директордың кәсіптік оқыту жөніндегі орынбасары Жайлаубаева Г.М. алғы сөз айтып, шығармашылық табыс, сәттілік тіледі.

Педагогикалық оқуға тәжірибелі 26 оқытушы қатысып, жұмыстары ұсынылды. Барлық жұмыстар сарапталып, қаралып, жинаққа еңгізілді.

Жинақталған мақалалардың ішінен үздік деп танылған Еденова И.Е., Абдрахманова С.Ж., Муратова М.К., Балмашева Б.К., Кокашева Г.А., Ахмет Т.М. баяндамалалары тыңдалды. Педагогикалық оқудың ережесі бойынша оқытушылар өздерінің тың идеяларымен таныстырып, ортаға салу. Өздерінің зерттеп жүрген жұмыстарының өзектілігі, құндылығы, зерттеу мақсаты, нәтижесі, ұсыныстары жөнінде пікірлері тыңдалды.

Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты жарияланған мақаласы негізінде пікірлер айтылып, «Рухани жаңғыру»: «Тәрбие және білім»Абай шығармашылығындағы тәрбелік арналар тақырыбында Балмашева Б.К. мақаласы Абайдың өлеңдері мен мағыналы сөздері, мән - мағынасы зор қара сөздеріне ерекше тоқтала отырып түсінік беріп өтті.

Колледжде дәстүрлі түрде өткізілетін педагогикалық оқудың жалпы мәні мен маңызы жоғары болды. Оқытушылар тәжірибелерімен бөлісіп, пікір алмасты. Үздік деп танылған мақалалар колледж директорының дипломымен марапатталды.

Біздің мақсатымыз - білім алушыларымызға сапалы білім беріп, соның арқасында жоғары білікті маман болуға қолдау көрсету. Оқытып отырған әр шәкіртті шығармашылық тұлға биігіне жеткізу мақсатында оқытудың озық үлгілерінде еңбек етіп жатқан бүгінгі оқытушылар қауымының жарқын болашаққа деген сенімі нық болсын!

Педагогтердің ғылыми - зерттеу әрекетін ынталандыру, талантты педагогтерді анықтау, оларды қолдау және мадақтау, педагог- зерттеуші еңбегінің беделін арттыру, педагогикалық тәжірибені жалпылау түрлерін жетілдіру барысында ұйыдастырылатын педагогикалық оқудың оқытушылардың тәжірибесіне берері мол екендігіне сеніміміз мол.