«Еріктілер көкірегі ояу, мақсаты биік жандар!»
Жақында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев келесі жылды Еріктілер жылы деп жариялады. Еріктілер – жаны таза адамдар. Олар – елдің шынайы патриоты, сол үшін де құрметім шексіз. «Белсенді азаматтық ұстанымдарыңыз мемлекеттің дамуына айтарлықтай септігін тигізетіні сөзсіз», – деді Президент бұл орайда.
Арқалық политехникалық колледжінің волонтер саны 244-тен асады. Біздің волонтер-студенттер, әрқашан көмекке мұқтаж адамдарға көмегін аямайтын жандар, биыл өз қозғалысын аса белсенділікпен атқарып жүр.
Айтатын болсақ, 30 қаңтар күні «Біз біргеміз» Республикалық қазғалысынан тыс қалмай, коммуналдық мекемелерде, тазалық сақтайтын мейірімді жандарға арнайы ыстық құрт көже мен бауырсақ әзірлеп, газель автокөлігімен бүкіл қаланы аралады. Біздің «мейірімді жандар», автокөліктің ішінде тамақтанып, жылынғанша ер азаматтарымыз құралдарын алып қар тазалауға шықты. Қала тұрғындары тыс қалмай, біздің волонтерларға жылы лебіздерін айтты.
Арқалық политехникалық колледжінің әкімшілігі осы іс-шараға белсенді атсалысқан топ жетекшілер мен білімалушыларға өз алғысын білдіреді! Бұндай іс-шаралар әрі қарай жалғасуда, себебі еліміздің еріктілеріне атқарылған үміт зор деп білеміз! Әрдайым бірлігімізді сақтап жүрейік, ағайын!
Директордың тәрбие ісі жөніңдегі орынбасары Ахметова Салтанат Серіковна