Коммунальное государственное казенное предприятие

Аркалыкский политехнический колледж

04/10/2024  Пятница
        8 (71430) 7 59 83
Костанайская область, г. Аркалык, улица Абая 112

Арқалық политехникалық колледжінде қаңтардың 20-27 жұлдызы аралығында «Қызмет көрсету саласы» апталығы өтті. Осы апталыққа орай өндірістік оқыту шеберлері Руденко А.В. және Әлімжан Н.Б. 1 курс ПК-16 топ білім алушыларымен «Менің мамандығым аспазшы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Бұл сыныптан тыс іс-шараның мақсаты: білім алушыларды болашақ мамандықтарына бейімдей отырып, таңдаған мамандықтарына қызығушылықтарын арттыру. Мотивация қоя отырып шығармашылыққа, ұқыптылыққа, ұжымдық қарым-қатынасқа психологиялық бейімдеу, өзара тәжірибе алмасу. Дөңгелек үстелге шеберлік сағаты кіріктірілді. Тақырыпты ашып түсіндіру барысында презентация көрсетілді, бірнеше кезеңнен тұрды, яғни: ұйымдастыру кезеңі, сұрақ-жауап кезеңі, психологиялық сәт, шеберлік сағат. Білім алушылар өндірістік оқыту шеберлері көрсеткен бутерброд жасау тәсілдерін меңгеріп, өздері қайталап жасады. 1 курста арнайы пәндер болмаса да, білім алушылар өзедрін жоғары деңгейде көрсетті. Қорытындылау барысында сұрақ қою арқылы суырылып шыққан студенттерге шеберлік сағатқа қатысқаны үшін директордың міндетін атқарушы Крыжанова И.В. табыстады.