2017 жылдың 6 наурызында колледжімізде Халықаралық әйелдер күніне орай «Колледж аруы – 2017 » байқауы өтті. Колледж қыздары жан – жақты сыналды, үздігі жеңімпаз атанды. Бұл шараның мақсаты : қыз балаларға адамгершілік, адалдық, әсемдік, әдемілік, іс-қимыл, жүріс-тұрыс, қыз сымбаты түрлерін терең түсіндіре отырып, олардың өнерлерін, ұшқыр ойларын, іс-әрекетке деген икемділігін анықтап бағалау, одан әрі дамыту.