Коммунальное государственное казенное предприятие

Аркалыкский политехнический колледж

23/11/2024  Суббота
        8 (71430) 7 59 83
Костанайская область, г. Аркалык, улица Абая 112

Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің 80 жылдығын мерекелеу аясында
«Менің жүрегімнің колледжі» тақырыбында эссе

Менің білім алатын колледжім Арқалық политехникалық колледжі. Мен өз колледжіммен және өзім таңдаған мамандығыммен мақтанамын. Біздің колледжіміздің шәкірт тәрбиелеу ісіне асқан жауапкершілікпен қарайтыны көңілімізге қуаныш ұялатады. Енді ғана колледж табалдырығын аттасам да,  онлайн режимде болса да топ жетекшіміз бізге тәрбие сағатын өткізіп, келешегіміз үшін алаңдаушылық танытып отырады. Мен білім алатын колледжді тамамдағандар бүгінгі таңда үлкен жетістіктерге жетіп,жақсы мамандық иесі болуда. Менің білім алып жүрген мамандығым «Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану». Өмірде ең бастысы қандай мамандық иесі болсаң да, өз отаның үшін пайдалы іс жасауың керек деп ойлаймын. Қалаларда сәнді ғимараттардың көрік беріп тұруының өзі керемет жағдай. Келешекте өзім тұратын Арқалық қаласының көркеюіне үлесімді қоса білсем, мен үшін үлкен жетістік. Ата-анам адам баласының ең өміріндегі ең қызықты кезең студенттік кезең екенін айтады. Қазіргі жағдайға байланысты колледжімізге күнделікті бара алмасақ та,  менің колледжім озық үлгідегі құрал-жабдықтармен жабдықталған білім беру ісіне асқан жауапкершілікпен қарайтнынан хабардармын.  Менің колледжімізді тамамдаған шәкірттері бұл күнде танымал компаниялардың қызметкерлері. Қаламыздағы іргелі кәсіпорын Алюминийқұрылыс компаниясының басшысы Абай Қоспанұлы қаламыздың көркеюіне зор үлесін қосуда. Ол кісі колледжімізбен тығыз қарым-қатынас орнатып, колледж шәкірттерін жұмыспен қамтуға да ат салысып отырады. Менің өз мамандығымды таңдауыма себепші болған да осындай кісілер. Бүгінгі таңда кәсіптік білім беруге 80 жыл толу мерейтойы аталып өтілуде. Еліміздің экономикасының дамуына зор үлесін қосып келе жатқан кәсіптік білім беретін оқу орындарының қатарында біздің колледжіміздің де бар екеніне сенімдімін. Менің колледжім-менің жүрегімнің қалауы.  Ұлағатты ұстаздарымыздан білім нәрімен сусындап, мемлекетіміздің гүлденуіне ат салысу мен үшін зор мақтаныш.

Арыстанова Құлпынай
МСМ-11 тобының білім алушысы