Worldskills – 2021
«Сән технологиясы» құзіреттілігі
Жапаргалиева Асемгул
Арқалық политехникалық
колледжінің өндірістік
оқыту шебері.
Арқалық политехникалық колледжінде ПУ-03 тобының білім алушыларымен санитарлық талаптарды сақтай отырып «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығы бойынша колледжішілік Worldskills чемпионаты өтті.
Чемпионаттың негізгі мақсаты – жұмысшы жəне техникалық мамандықтардың дəрежесі мен мəртебесін арттыру, кәсіптік-техникалық білім беру саласына ерекше көңіл бөліп, білім алушыларды аталған салаға тарту. Сондай-ақ, еңбек нарығына бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауда кәсіби шеберлігін байқау.
Жыл сайын колледж ішінде барлық жұмысшы мамандықтар арасында осындай сайыс өтуде. Биылғы жылы «Сән технологиясы» құзіреттілігі бойынша «Арнайы тігінші» біліктілігінің 1 курс білім алушылары қатысты. Сайыс үш модульден, яғни үш кезеңнен құралды. Әр тапсырмаға шектеулі уақыт берілді. Білім алушылар берілген уақытты тиімді пайдаланып тапсырманы толықтай орындап шығуы тиіс болды. Осылайша үш кезеңнің қорытындысын эксперттер критерийлер бойынша бағалап І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломмен марапаттады.
Қорыта келгенде, жыл сайын өтетін Worldskills чемпионаты байқауларының нәтижесіндже білім алушылардың мамандыққа деген қызығушылығы артып, өзін өзі жан-жақты дамытып жақсы маман иесі болуына ықпалын тигізеді.