Коммунальное государственное казенное предприятие

Аркалыкский политехнический колледж

23/11/2024  Суббота
        8 (71430) 7 59 83
Костанайская область, г. Аркалык, улица Абая 112

2021 жылдың 1 наурызынан 19 наурызына дейін жұмысшы және техникалық мамандықтардың беделін арттыру, мамандық бойынша үздіктерді анықтау, WS облыстық чемпионатына қатысу  мақсатында колледж командасын іріктеу және қалыптастыру үшін үшінші чемпионат өтті.

Қатысушылар 9 құзыреттілікте 5 мамандық бағыты бойынша бәсекелесе отырып, өз дағдыларын жетілдірді:

  • Электромонтаж
  • Аспаздық ісі
  • Веб дизайн және құрастыру
  • Шаштараз өнері
  • Жеңіл автомобильдерді жөндеу және қызмет көрсету
  • Сән технологиясы
  • Ауыл шаруашылығы машиналары мен тракторларының слесарь – жөндеушісі
  • Фермер шаруашылығы
  • Құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары

Жыл сайын құзыреттер мен қатысушылар саны артып келеді ( 2019 жылы - 6 құзыреттілік, 2020 жылы - 7 құзыреттілік, 2021 жылы - 9 құзыреттілік).

Жалпы колледждік чемпионатқа барлық курстардан 41 білім алушы қатысты.

Кейбір мамандықтар бойынша дайындық бір ғана топта жүргізілуіне байланысты қатысушылар саны шектеулі болды. Атап айтсақ: «Ауыл шаруашылығы машиналары мен тракторларының слесарь – жөндеушісі» - 4 қатысушы, «Сән технологиясы» - 3 қатысушы, «Шаштараз өнері» - 4 қатысушы, сондай-ақ, жеке қатысушылар қашықтықтан оқыту режимінде оқуға байланысты қатыса алмады ( келуге мүмкіндігі болмады)

Қатысушылардың кәсіби шеберлік деңгейін бағалау үшін арнайы пән оқытушылары, өндірістік оқыту шеберлері, әлеуметтік серіктестердің өкілдері тартылып, әр құзыреттілік бойынша сайыс өткізу ережелері әзірленді.

Чемпионатты дайындау және өткізу бойынша ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді. Жабдықтармен және шығыс материалдарымен жабдықтау колледж тарапынан бөлінді, сонымен қатар жекелеген жабдықтарды оқытушылардың, шеберлердің өздері қамтамасыз етті.

Чемпионатты өткізу орындарында қатысушылар үшін тең жағдай жасалды және еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы ережелері сақталды, жұмыс санитарлық нормалар мен ережелер сақтала отырып жүргізілді.

Чемпионаттың байқау алаңдарындағы іс-шаралар БАҚ-та, колледж сайтында және т.б. жарияланды.

Чемпионат қорытындысы бойынша жүлделі орындар мен дипломдар тағайындалды. I  дәрежелі – 9 қатысушы;

II дәрежелі – 12 қатысушы;

 III дәрежелі – 11 қатысушы

9 қатысушы сертификаттарға ие болды.

Чемпионатты қорытындылай келе, колледждегі WS қозғалысы дамып, құзыреттер саны артып, бәсекелестік шарттары жақсарады деген қорытынды жасауға болады.

Чемпионаттың жағымды жақтары:

- кәсіби білім беруді дамыту үшін үлкен мүмкіндіктер береді

- студенттер тәжірибе жинайды

- оқытудың инновациялық формаларына жол ашылады

- студенттердің оқытушылармен, шеберлермен ынтымақтастығы артады

-  «Сән технологиясы» құзыреттілігі және ТҚК және жеңіл автомобильдерді жөндеу құзыреттілігі бойынша байқау жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Чемпионатта кеткен қателіктер:

- қатысушыларды ауыстыру және әртүрлі себептер бойынша байқауға қатыспады («Электромонтаж» құзыреті бойынша 12 қатысушының орнына 8 қатысушы болды. Э-21 тобы - 1 қатысушы, Э-31 тобы - 1 қатысушы, Э-21 (арнайы) тобы - 0)

- қатысушылардың кәсіби дағдыларының әлсіз деңгейі жұмыстарды орындау техникасы төмен болды;

- жабдықтармен, материалдармен қамтамасыз ету жеткіліксіз болды

Ұсыныстар:

- WS колледж ішілік өткізу барысында  аймақтық чемпионатының талаптарын ескеру;

- колледждің барлық топтарын қатыстыру;

- тәжірбиелік сабақтар, байқаулар өткізу үшін қажетті материалдарды уақытылы қамтамасыз ету;

- өндірістік оқыту шеберлеріне, арнайы пәндер оқытушыларына байқауға қажетті заттарға алдын ала өтінім беру;

-құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары құзыреттілігі бойынша байқау ұйымдастыруды жақсарту;

- чемпионатқа қатысушыларды дайындау оқу жылы бойы жүргізіліп, қатысушыларды ауыстыру қарастырылсын;

- ағымдағы жылдың 17-21 мамыр аралығында Қостанай қаласында өтетін аймақтық чемпионатқа қатысу үшін колледж командасын белсенді түрде жаттықтыру;

- аймақтық чемпионатқа студенттерді дайындау арнайы пән оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлеріне жүктелсін

директордың кәсіптік оқыту  жөніндегі орынбасары  Жайлаубаева Г.М

{gallery rows=1 cols=4 preview_crop=yes}2021/4/10{/gallery}