«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Атамұра» үйірмесінің білім алушылары мұражайға саяхат жасады
Қазіргі таңда, ұлттық саясаттың негізгі басымдығы ұлттың рухани жаңғыруы болып табылады.
Осы мақсатта 13 қазан күні Арқалық политехникалық колледжі «Атамұра» үйірмесінің білім алушылары Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының жанында құрылған «Алтынсарин мұражайы» және «Жаратылыстану табиғи-тарихи мұражайы» мұражайларына саяхат жасады.
«Атамұра» үйірмесінің білім алушыларының мұражайға саяхаты «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің директоры Роман Аймағамбетұлының ұйымдастыруымен өтті.
Саяхат барысында білім алушыларға мұражайдағы экспонаттар туралы түсінік берілді. Сонымен қатар, мұражайдағы құнды заттарды және рухани құндылық¬тар туралы айтылды. «Алтынсарин мұражайын» аралау барысында білім алушылар қазақтың ұлы тұлғасы Ы. Алтынсарин туралы тың мәліметтермен танысты. Таныстыру барысында мұражай қызметкері қызықты мәліметтер туралы сыр шертті.
Мұражай аралап болған соң, білім алушылар «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесіне барып, Роман Аймағамбетұлымен ой бөлісті. Р. Аймағамбетұлы кездесу барысында елімізде жүргізіліп келе жатқан рухани жаңғыру мен тәуелсіздік құндылықтарының байланысы, тәуелсіздіктің қазақ халқының тарихындағы маңызы мен оның тарихи рөліне тоқталып өтті. Әңгіме барысында ұлттық тіліміз, болмысымыз бен менталитетіміз, дініміз, тарихымыз туралы мәселелер қозғалды.
Білім алушылар мұражай аралау сәтінде үлкен ұлы сезім, патриоттық рухқа бөленіп шықты. Мұражайға тек қана қызықтау мақсатында келмей, керемет сезімге бөленгендерін, терең ой түйгендерін бір-біріне айтып, ой бөлісті.