Коммунальное государственное казенное предприятие

Аркалыкский политехнический колледж

24/11/2024  Воскресенье
        8 (71430) 7 59 83
Костанайская область, г. Аркалык, улица Абая 112

29 қазан күні Арқалық политехникалық колледжінде жалпы ата-аналар жиналысы өтті.

Күн тәртібінде «Студенттерге арналған ІШКІ ТӘРТІП ЕРЕЖЕЛЕРІ», «Жасөпірімдердің арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу», «Жасөспірімдер арасында аутодиструктивті мінез-құлықтың алдын алу», «Балаларға жыныстық қол сұғушылықтың алдын алу», «Колледжішілік ата-аналар комитетінің мүшелерін тағайындау» мәселелері қарастырылды. Жалпы қатысқан ата-аналар саны – 87.
Кіріспе сөзді директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Крыжанова Ирина Васильевна ата-аналарды оқу жылының басталуымен құттықтады. Бірінші сұрақ бойынша директордың ТЖ жөніндегі орынбасары Ахметова Салтанат Серікқызы білім алушылардың құқықтары мен міндеттері туралы және білім алушыларға тиым салынатын нәрселер туралы сөз қозғады. Екінші сұрақ бойынша ІІБ-нің қызметкері Дамира Талғатқызы құқықбұзушылқтың алдын алу шаралары туралы айтты, кәмелетке толмағандардың арасындағы статистиканы ата-аналардың назарына ұсынды. Әлеуметтік педагог Искакова Майра Болатқызы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында білім алушылар арасында атқарылатын жұмыстар туралы ақпарат берді. Жасөспірімдер арасында аутодиструктивті мінез-құлықтың алдын алу мақсатында колледж психологі Амиржанова Айсұлу Қалижанқызы ата-аналарға кеңестер берді.
Жиналыс соңында ата-аналар комитеті тағайындалып, ата-аналар өзекті мәселелер қозғалғанын және өздеріне қажетті толық ақпарат алғандарын айтты.