Коммунальное государственное казенное предприятие

Аркалыкский политехнический колледж

21/11/2024  Четверг
        8 (71430) 7 59 83
Костанайская область, г. Аркалык, улица Абая 112

 

15.11.2021 күні колледжде кезекті  әдістемелік кеңес отырысы өткізілді.

Жас мамандармен тәжірибе алмасу, кәсіби шеберліктерін арттыру мақсатында өндірістік оқыту шеберлері Хасенова С.С және Әлімжан Н.Б. «Өндірістік оқыту сабағында тиімді әдістерді қолдану» тақырыбында шебер сынып өткізді.

Шебер сынып мақсаты: Жас оқытушылардың  кәсіби құзырлығын  қалыптастыруда  әдіс-тәсілдерді қолдануы, шеберлік – сынып қатысушыларына әдістемелік көмек көрсету, қатысушылардың өздерінің кәсіби шеберліктеріне ой жүгірте білуі, шебер сыныпқа деген жас мамандардың қызығушылығын тудыру, оқу материалдарын тиімді меңгеру.

Шебер сыныпта «Мюнстерберг» әдісі сабақ тақырыбын ашуға және жас маман оқытушыларды топқа бөлу мақсатында алынды, «Лимон және марғау» эмоциялық қысымды босаңсытуға арналған жаттығуды орындады.

 «Дальтон технологиясы» әдісі арқылы өндірістік оқыту сабақ жоспарын кезеңге бөліп қарастырды.

«Өзіңді бағала» формативті бағалау түрлері әдісі арқылы топқа бөлініп №1 Дальтон тапсырма – «Кілт сөздер банкингі», № 2 Дальтон тапсырма – «Мозайка» тапсырмаларын орындау барысында қаншалықты қажет ақпарат алғандарын айтты.

Өндірістік оқыту шеберлер:
Хасенова Саяна Сергеевна,
Әлімжан Нұргүл Бауыржанқызы.