Коммунальное государственное казенное предприятие

Аркалыкский политехнический колледж

21/11/2024  Четверг
        8 (71430) 7 59 83
Костанайская область, г. Аркалык, улица Абая 112

18 қараша күні Арқалық политехникалық колледжінде бірінші курс білім алушыларына діни тәрбие бере отырып, адамгершілікке, имандылыққа, рухани тазалығын сақтауға үйрету және діни экстремизм мен терроризмнің әлеуметтік зияны мен қаупін түсіндіру және алдын- алу мақсатында «Дін – тәрбиенің рухани тірегі» тақырыбында рухани кездесу өтті. Кездесудің қадірлі қонақтары Қостанай облысы Рудный қаласындағы «Нұр» мешітінің бас имамы Бектұрсын Торғайбайұлы, Лисаковск қаласы мешітінің бас имамы Сабыржан Зейнелғабиденұлы, Қостанай қаласы мешітінің наиб имамы Мейіржан Қапарұлы және қаламыздағы «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің бас имамы Бақтыбай Нұрхан Асанұлы арнайы келіп, білім алушыларға бүгінгі күні қоғамдағы жастар арасындағы өршіп бара жатқан түрлі жағымсыз қылықтар жөнінде айтып, жаман әдеттерден аулақ болуды, және дұрыс бағытпен жүруді, ата-ананы құрметтеуді, ата-бабамыздың ұстанып келе жатқан ислам дініндегі түрлі аяттарды мысал ете отырып ынтымақ пен бірлікке шақырды. Және де ислам дінінің адамзатты ынтымаққа, өзара түсіністікке, бір-біріне деген сүйіспеншілікке бастайтындығын, сондай-ақ, Құран Кәрім аяттары мен Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадистерінің басым көпшілігі бірлік пен бауырмалдыққа шақыратындығы айтып түсіндіріп берді. Кездесу барысында Қостанай қаласы мешітінің наиб имамы Мейіржан Қапарұлы қазіргі уақыттағы жастардың әлеуметтік желілерден қажетсіз ақпараттарды, тәрбиелілік мағынасы жоқ бейнематериалды көруге бар уақытын арнағанша, уақытын тиімді жоспарлап, әдеби кітаптар оқып, білім алуға көп уақытын бөлуге және де ата- аналарына қызмет етуді мақсат етулері керек екендігін қазіргі қорғамда болып жатқан оқиғаларды мысалға ала отырып түсіндіріп берді. Кездесу соңыңда колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ахметова Салтанат Серіковна қонақтарымызға тағлымы мол, рухани азық алатын ғибратты кездесу болғандығына рахмет айтып, колледж директорының атынан Алғыс хатпен марапаттады.