Ақпан айының 7 –і күні сағат «Қызмет көрсету саласы пәндері» топтамалық әдістемелік комиссияның апталығының ашылу салтанатты түрде өтті. Апталықтың тақырыбы: «Білікті маман даярлау — ел болашағының жарқын кепілі»
Апталықтың мақсаты: Педагогтердің іс-тәжірибесімен бөлісу және білім алушыларды мамандық құзыреттіліктерін қалыптастыру.
Міндеттері:
- жаңа технологияларды оқу үрдісінде кеңінен қолдану;
- оқытушылардың педагогикалық шеберліктерін арттыра отырып, олардың шығармашылық ізденістері арқылы білім сапасын көтеру;
- білім алушылардың икемділігін анықтау, бағыт-бағдар беру және нәтижеге қол жеткізу.
Сағат 8.00-8.30 аралығында мамандықтар бойынша қызықты ойындар өткізілді,сұрақтар қойылып,тәтті сыйлықтар таратылды. Апталықтың ашылуы одан әрі колледждің мәжіліс залында жалғасын тапты. Алдымен «Қызмет көрсету саласы пәндері» топтамалық әдістемелік комиссия құрамына енетін мамандықтар жайлы бейнематериал көрсетілді. Білімалушылардың орындауындағы мамандықтар биі ашылу салтанатын одан әрі көркейте түсті. Сағат 11.30-да Қоқашова Гүлден Ақзабайқызының ұйымдастыруымен жеке кәсіпкер атанып отырған колледждің әр жылдардағы түлектерімен «Жастар қанаты» атты дөңгелек үстелге жалғасты. Кәсіпкер болу жолында кездесетін қиыншылықтар мен қызықтар жайлы өз ойларымен бөлісіп,білім алушылар мен кәсіпкерлер арасында диалог орнады, іскерлік ойынмен жалғасқан дөңгелек үстел жоғары деңгейде өтті