Коммунальное государственное казенное предприятие

Аркалыкский политехнический колледж

24/11/2024  Воскресенье
        8 (71430) 7 59 83
Костанайская область, г. Аркалык, улица Абая 112

«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарлама аясында Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығына байланысты ақпан айының 20–сы күні «Ұлтын сүйген ұлы жүрек» атты әдеби кеш өтті.

Кештің мақсаты: Ақынның сан қилы тағдырына шолу жасай отырып, өлеңмен өрілген өнегелі өміріне терең бойлау арқылы жас ұрпақты елжандылыққа тәрбиелеу, ана тілі мен мәдениетін жете біліп,поэзияны қастерлеуге , ақын өмірінен үлгі алуға тәрбиелеу.

Мағжан Жұмабаев қысқа өмірінде көптеген маңызды шығармалар жазғаны соншалық, ол ұлттық мәдениет тарихында құрметті орынға ие болды. Өмірлік жолында кездескен қиындықтарға төтеп беріп,Мағжан Жұмабаев өзінің қайсар мінезін көрсетті. Ақынның өмірде ұстанған ұраны, оның білімге, ғылымға, өнерге деген талпынысы бүгінгі күні де өзектілігін жоғалтқан емес.

Кеш барысында ақынның ұлтын, туған жерін жан жүрегімен елжірей сүйіп жазған өлеңдерін студенттер өз нақышына келтіре оқып берді. Оқырмандар назарына «Мен кім?», «Анама», «Қазақ тілі» , «Мен жастарға сенемін», «Түркістан», «Алдамшы өмір» , «Сағындым», «Туған жерім – Сасықкөл» , «Өмір» өлеңдерін Болатбай Мәдина, Сапарғали Тоғжан, Әділхан Ақару, Байқула Елжас, Дәулет Ұлжан, Кенжебек Айсұлу, Қабылдин Нұрсұлтан оқыса. «Батыр Баян жазылуы туралы естелік» деректі фильмнен үзінді көрсетілді. Сонымен қатар М.Жұмабаев туралы айтылған пікірлерді бейнежазбадан тамашалады. Кеш соңында ОП-37 тобының студенті Өтеулі Ғасыржанның орындауында «Мен қазақ» патриоттық әнімен аяқталды.