Коммунальное государственное казенное предприятие

Аркалыкский политехнический колледж

19/04/2025  Суббота
        8 (71430) 7 59 83
Костанайская область, г. Аркалык, улица Абая 112

Меню

Погода при отмене занятий

Баннеры

Арқалық политехникалық колледжінде 18.04.2022 – 25.04.2022 ж. аралығында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақалаларын жүзеге асыру аясындағы «Атамұра» үйірмесінің «Рухани жаңғыру: білім мен бірліктің дамуы» атты апталығы басталды. Апталықтың мақсаты: Рухани жаңғыру мен жаңаруда болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Білімалушылардың жауапкершілігінің және танымдық қабілеттерін түрлі пікірталастар арқылы ортаға салу. Білімалушыларды коммуникативтілікке, сөйлеу мәдениетіне, сөз өнеріне, тұжырымды ойын дәлелдей білуге баулу болып табылады. Апталықтың ашылу салтанатында «Атамұра» үйірмесіне қатысушы білім алушылар сөз сөйлеп, жетекшісі Г.А Қоқашова апталық жоспарымен таныстырып өтті.