Арқалық политехникалық колледжінің білім алушылары 25 сәуір күні, «Атамұра» үйірмесінің «Рухани жаңғыру: білім мен бірліктің дамуы» атты апталығы аясында «Бір күн өндірісте» атты өндіріс алаңдары «Алюминстрой» ЖШС мен «Қостанайоңтүстікэлектросервис» КММ саяхат жасады.
Колледждің 1 курс білім алушылары алдымен «Алюминстрой» ЖШС барды. Ол жерде өндірістік цехтарды аралады. Өндірістің мақсаты талаптарға сәйкес келетін жоғары сапалы отандық өндірісті өркендету үшін шикізат шығаруға мүмкіндік беретін қазіргі заманға сай техникалық база қалыптастыру. Екінші, «Қостанайоңтүстікэлектросервис» КММ саяхат жасады. Білім алушылар кешен басында толғандырған сұрақтарын қойып, арнайы мамандардан жауаптар алды. Осылайша, кәсіпорындарға тұңғыш саяхаттап келген білім алушылар ерекше әсермен қайтты.