Жыл сайын 1 қыркүйекте Білім күні атап өтіледі. Білім күні – барлық оқушылар, студенттер, олардың ата-аналары және оқытушылардың мерекесі. Бірақ, бірінші курс студенттері үшін бұл мереке ерекше, есте қаларлық және қызықты күн болып келеді, себебі осы күннен бастап олар үшін мүлдем жаңа өмір басталады.
1 қыркүйек күні колледжімізде жаңа оқу жылына арналған салтанатты сап өтті. Салтанатты жиында колледж директоры Карбозов Алмас Калтаевич сөз сөйлеп, барша жиналғандарды Білім күнімен құттықтап, білім саласында жақсы нәтиже көрсеткені үшін колледж оқытушыларын марапаттады. Әрі қарай барлық топтарда «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және патриотизм» тақырыбында тәрбие сағаттаттары өтті.
Жаңа жыл қарсаңында барша әріптестерге, студенттерге және олардың ата-аналарына жақсылық тілейміз. Жаңа оқу жылы қызықты сәттерге, жақсы жетістіктерге толы болсын!
Құттықтаймыз!!!