Коммунальное государственное казенное предприятие

Аркалыкский политехнический колледж

04/10/2024  Пятница
        8 (71430) 7 59 83
Костанайская область, г. Аркалык, улица Абая 112

2022 жылдың 14—20 желтоқсан аралығында  Арқалық политехникалық колледжінде кітапхана бөлімінің ұйымдастыруымен "Желтоқсан құрбандары" атты тақырыптық көрме ұйымдастырылды. Мақсаты:  Желтоқсан көтерілісінің сипатын насихаттай отырып, Желтоқсан құрбандарын мәңгі есте сақтап, тәуелсіздіктің бастауы Желтоқсан оқиғасы екенін жастарға жете түсіндіру, білім алушылар бойында елге, жерге, ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру. Желтоқсан оқиғасының арқасында талай жылдар бойы армандаған егемендікке қол жеткізгенімізді, осы тәуелсіздікке жету жолында талай боздақтарымыздың жалған айыппен сотталып, шейіт болғандарын жас ұрпаққа жете түсіндіру. Жастарды Отанын сүюге, құрметтеуге, желтоқсаншыларға әрдайым құрмет көрсетуге, адамгершілікке, әділеттілікке, елі мен жерінің қадір қасиетін ұғынуға тәрбиелеу. Білім алушылардың дүниетанымын кеңейту.