Коммунальное государственное казенное предприятие

Аркалыкский политехнический колледж

04/10/2024  Пятница
        8 (71430) 7 59 83
Костанайская область, г. Аркалык, улица Абая 112

22-желтоқсанда Арқалық политехникалық колледжінің кітапхана бөлімінің ұйымдастыруымен «Оқуға құштар колледж»  Тұжырымдамасын іске асыру барысында «Өнерім саған—Қазақстан» атты шығармашылық кеш өтті. Кешке Торғай төсінен шыққан Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, Арқалық қаласының құрметті азаматы, сазгер, күйші Әбенов Боранбай Қазбекұлы, айтыстағы ақтаңгер ақын Арқалық қаласының өлкетану мұражайының қызметкері Сағынтаев Батырлан Жұмабайұлы шақырылды. Білім алушылар кеш қонақтарына сұрақ қойып, қонақкәде сұрап, қонақтарға өз өнерлерін көрсетті. Білім алушылар кеш қонақтарының өнер жолдарынан қызықты мағлұматтар алды. Кеш қонақтарына колледж басшысының атынан алғыс хат берілді. Кеш тартымды да қызықты өтті.