Коммунальное государственное казенное предприятие

Аркалыкский политехнический колледж

05/10/2024  Суббота
        8 (71430) 7 59 83
Костанайская область, г. Аркалык, улица Абая 112

13 наурыз күні Арқалық политехникалық колледжінде Алматыда «Тәуелсіздікке тарту» тақырыбында өткен республикалық ақындар айтысының бас жүлдегері, «Айтыстың ақтаңгері» атағына ие болған Қалиев Айбек Киікбайұлымен кездесу кеші өтті.

Кешке оқу орынның студенттері мен оқытушылар қауымы қатысты. Ақынын құрметтеген жастар қара сөзден қамшы өрген айтыскер-ақынына ерекше ықылас танытты. Сырлы сұқбатқа толы болған әсерлі кеште жастар ақын өмірі мен шығармашылығымен, адами болмысы мен рухани әлемімен жақын таныса алды. Өлең десе ішкен асын жерге қоятын жастар ақынның жүрегін жарып шыққан өлеңдерімен рухани сусындап қайтты. Кеш соңына дейін тапжылмай отырғандығынан-ақ жас тыңдармандардың қара өлеңге деген махаббатын аңғаруға болады. Көпшілікті әсіресе, бұл кездесуге асқан дайындықпен келген, ұйымдастырушылақ қабілетін жоғары деңгейде көрсеткен, рухани кешті ұйымдастыруға мұрындық болған Хамзина Салтанат Мырзалиевна мен Самыратова Лайла Абдрахманқызының жұмысы көңілге жылылық ұялатты.

ТО-18 тобының студенті колледжіміздің жас ақыны Шөптібаев Бекзат Айбек Киікбайұлына «Айтыстың ақтаңгері» атты өлеңін тарту етті.