Коммунальное государственное казенное предприятие

Аркалыкский политехнический колледж

05/10/2024  Суббота
        8 (71430) 7 59 83
Костанайская область, г. Аркалык, улица Абая 112

Арқалық қаласындағы политехникалық колледжінде «Шебер қолдар көрмесі 2018 жыл» атты қолдан жасалған бұйымдардан көрме болып өтті. Тәрбие жұмысының басты ерекшелігі Елбасының «болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» аясында, студенттер арасында кеңінен насихаттап, табысты ел болуға, ұлттық бірегейлікті сақтауға, колледжде өткен көрмемізге: ЭМ – 32 тобының студенттері электро реттеуіш генератор, ЭМ – 02 политехникалық колледждің макетін, МЗ – 33 әртүрлі бисерден жасалған бұйымдар (алқа, сақина, білезік, обадоктар, гүлдер т.б.), ақылды үйдің макетін МСМ – 29 топтары бір – бірінен қалыспай жарыса қатысты. Көрмеміз әділқазы мүшелерінің жеңімпаздарды марапаттауымен аяқталды. ЭМ – 32 тобы қол өнер сайысында «қолданысқа тиімді» және «өндірісте қажет» жоба номинациясы бойынша, МЗ – 33 тобы «экономикалық тиімді» және «эстетикалық көркем» және ЭМ – 02 тобы «жаңашылдыққа толы» және «экономикалық тиімді» жоба номинациясы бойынша марапатталды.

Сауатты, іскер ұрпақ тәрбиелеп шығару біздің қолымызда. Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни адам бұрын жаңғырып отыруы тиіс. Бұл саяси және экономикалық, іскерлік пен шеберлік жаңғыруларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады. Алдағы уақытта сан түрлі көрме ұйымдастыру арқылы жұмысымыз өз жалғасын таба бермек.