Коммунальное государственное казенное предприятие

Аркалыкский политехнический колледж

24/11/2024  Воскресенье
        8 (71430) 7 59 83
Костанайская область, г. Аркалык, улица Абая 112

Жуырда Арқалық Политехникалық колледжі жатақханасында 5-қабатттың «Алтын кітап» ашылу мерекесі болып өтті. Бұл кітаптың ашылу салтанатына   колледждің құрметті зейнеткері Байшева Раушан Капенқызы, тәрбие меңгерушісі Сейткалиева  Г.Б., жатақхана меңгерушісі Ауезов Ж.Ш.және Хамзина С. М., Абдрахманова С.Ж.,  сияқты қонақтар шақырылып, бұрынғы колледж бітіріп кеткен түлектер мен осы кезде білім алып жатқан студент жастар жарқын сәтке куәгер болды. Алтын кітаптың лентасын қию осы концертке арнайы Астана қаласынан келген құрметті зейнеткер Раушан Капенқызына ұсынылды. Оған себеп бұл колледждің тарихымен жақсы таныс кісі өткен тарих туралы қазіргі болашаққа сыр шертті, барлау жасай отырып бағыт-бағдар берді, салмақты ой тастады. Ең алдымен 2006 жылы Кәсіптік мектеп болып ашылған оқу орны 3 жылдан соң №2 Кәсіптік мектеп болды, ал содан кейін Арқалық Политехникалық колледжі мәртебесіне көтерілді.Келешекте бұдан да зор мәртебеге ие болып, Политехникалық институт болсын деп жүрек жарды тілегін білдірді.

Бұл іс-шараға мұрындық болған колледждің бұрынғы түлегі және осы 5-қабаттың тәрбиешісі Нурпазылова Бибі Қалиқызы еді. Ол кісі сол алғаш ашылған жылдардан бері әлі 12 жыл бірге. Бибі Қалиқызы өз сөзінде Тәуелсіздіктің аясында, Президентіміздің жоспарларына, жолдауына сәйкес болашақ түлектерді тәрбиелеу кезеңдерімен ұштасып жатқанын атап өтті.

Өзі арқау болған Алтын кітаптың жасалу мағынасы мен мәні туралы  жан-жақты біздің түлегіміз Боранбай Тұрсынай Қайратқызы таныстырып өтті. Онда осы лицейді алғаш ашып, оған күш жігерін аямаған, ұжымды бір қалыпқа келтіріп, студенттерге жақсы жағдай жасай білген алғашқы директор Кривенко А.П. бастап, барлық басшылар және 5-қабаттың тәрбишісі, ең үздік, талантты президент қыздары енгізілген. Бұл Алтын кітаптың ашылуын Президент пен  Тәуелсіздік күндерімен ұштастыруымыз бекер емес. Қаншама қан мен тер төгілмесе біз Тәуелсіз ел болмас едік, Нұрсұлтандай бір туар перзент болмағанда біз болашақ жарық болмас еді, бұл алтын кітапқа енген тұлғалар болмаса біздердей жастар білімді болмас едік, талантты жастардың осындай Алтынға лайық болуы сіңіріліп жатқан еңбек пен біздің азаттығымыздың айғағы. Асуларды еңсергендер алтынға лайық болғандықтан енгізілді, солардан үлгі алар болшақ жастар сіздерде болашақта алтын тұлғаға айналуға талпыныс жасап осындай белді тұлғаларды танып біліп үлгі алсын деген біздің мақсат.

Мерекенің соңын қорытындылаған қонақтар жағымды пікірлері мен ақ пейілдерін арнады. 5-қабаттың өнерлі өрендері концерттік нөмерлерін көрсетіп,  кешке қонақ боп келген 4-қабаттың сері жігіттері тамаша ән-билерімен құттықтауларын жеткізді.