Коммунальное государственное казенное предприятие

Аркалыкский политехнический колледж

23/11/2024  Суббота
        8 (71430) 7 59 83
Костанайская область, г. Аркалык, улица Абая 112

Аркалык политехникалық колледжінің жатақханасы 2006 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Жатақхана ғимараты жалпы 272 орынға арналған. Жатақхананың әр бөлмесінде, екі және төрт студенттен тұратын бөлмелер қарастырылған. Жатақхананың бірінші қабатында жатақхана меңгерушісінің кабинеті, дәргерлік бөлме, мәжіліс залы 2 жуынатын бөлме (душ) бөлмесі, кір жуатын бөлме, орналасқан. Жатақхананың әр қабатында ас дайындайтын бөлме, кір жуатын бөлмелер және теледидар тамашалауға арналған демалыс залы, оқу залы , тәрбиеші бөлмелері орналастырылған.

Тұрғындарға қажетті жабдықтарын колледж әкімшілігі уақытылы қамтамасыз етеді. Оқу жылының басында интернет желісі, кабелді теледидар орнатылды. Студенттерге жағдай бар мүмкіншілігінше жасалып отыр. Жатақхананың екінші қабатында жетім балалар үйі орналастырылған. Биылғы 2018-2019 оқу жылында   жатақханамызда, бгінгі күнмен есептегенде 202 тұрғын орналасқан. Оның ішінде колледжіміздің студенттерінің саны 92 бала, Медициналық колледжден 12 студент және Арқалық педагогикалық институтынан 91 студент орналастырылған. Колледжіміздің 92 студентінің ішінде тегін жататын 19 студент бар, бұл студенттер әлеуметтік жағдайлары мүлдем жоқ және жетім балалар орналасқан. Жұмыскерлерге келетін болсақ : екі тәрбиеші, түнгі бір тәрбиеші және бір күзетші жұмыс істейді. Осы жатақхана ашылғаннан бері күндізгі екі тәрбиеші тұрғындармен жұмыс атқарып келеді. 5-қабат тәрбиешісі Бибі Калиевна және 4-қабат тәрбиешісі Наталья Михайловна.            2018-2019 оқу жылының басында тәрбиешілер бекітілген жоспарларына сәйкес іс-шаралар толығымен орындауда.

Жұмысымыздың басты мақсаты, ол Жеке бастың жан жақты үйлесімді болып қалыптасуына ұштау, соған орай негізі адамгершілік пен ұлттық құндылықты дамыту. Біз тәрбиелеп отырған студенттерге жылы шырай таныта білу ол меніңде, сіздердіңде, басты мақсаттарымыздың бірі. Тәрбие жұмыстарын тәрбиешілермен бірге қатар орындау ол жеке принцип деп атап айтсам болады.

Жатақхана жұмысының барысы:

1.Қазақстандық патриотизм және азаттық тәрбие;

2.Құқықтық тәрбие;

3.Адамгершілік-рухани және эстетикалық тәрбиесі;

4.Дене тәрбиесі және салауатты өмір салтын қалыптастыру;

Оқу жылының басында жатақханада , студенттермен жалпы жиналыс өткізіліп, жатақхана тұрғындарына ішкі тәртіп нормалары жайлы сөз қозғалды. Бұл жылдағы дағды бойынша жоспарға сәйкес өткізілді. Бұл нормалар ішкі тәртіп ережелері немесе тұру ережелері деп аталады.

1. Жатақханаға рұқсатнамасыз кіруге болмайды.

2. Жатақханаға өз бетімен қонақтар әкелуге болмайды, бұл тек әкімшіліктің рұқсатымен жасалады.

3. Жатақхана бөлмелерінде тұрмыстық және электр қыздырғыш құралдарын пайдалануға болмайды

4.Жатақханада алкоголді және темекі түрлеріне тыйым салынған. Ішімдік ішкен күйде ұсталған тұрғынға айыппұлдан бастап, жатақханадан шығару шаралары қолданылады.

5.Әкімшіліктің рұқсатынсыз бір бөлмеден екінші бөлмеге жиһаз тасуға болмайды. Тұрғындар өз еркімен бір бөлмеден екінші бөлмеге көше алмайды, оған арнайы рұқсат қажет.

6. Қоқысты терезеден лақтыруға, оны жатақхана ішінде қалдыруға қатаң тыйым салынған.

7. Бөлмедегі қабырғаларды таза күйінде сақтау мақсатында тұрғындарға плакаттар ілуге, шегелер қағуға, тыйым салынған.

Оның сыртында жекелей әр қабат тұрғындарымен де жиналыс тұрақты түрде өткізіліп отырады. Жатақханада белсенді студенттерден құралған, студенттер кеңесі жұмыс істейді.

Студент кеңесінің төрайымы:

Жігіттер төрағасы:

Мәдениет секторы:

Тазалық секторы:

Студенттер кеңесі үнемі бас қосып, жатақхана тұрғындарына қатысты мәселелерді кеңінен талқылап, бекітілген жоспар бойынша жатақхана тәрбиешілерімен жұмыс істейді.

Жатақхананың тәрбие жұмысының бағыттары бойынша жатақханада өткізілген жарты жылдық іс-шаралар.

Бірінші жарты жылдық бойынша.

1.Қыркүйек айында «Жұлдызың жарқырасын» атты жас таланттыларды анықтау мақсатында 1-курс студенттер арасында іс-шара өтті.

2.Сонымен қатар Ең үздік бөлме иегерлері әр ай сайын анықталып тәтті торт беріліп отырады.

3.Күз мерекесі күніне орай Ханзада мен Ханшайым атты концерт аталып өтті. Өнерлі студенттеріміз өз өнерлерін жұп бойынша ортаға салды Күз ханзадасы мен ханшайымы анықталып марапатталды.

4.Қазан айында Медбике қыздармен кездесу өткізіп, қыздарға керекті кеңестерімен бөлісті.

5.«Сегіз қырлы, бір сырлы» атты өнерлі жігіттер сайыс өтті. Осы өнерлі сайыста 4-қабат жігіттері белсенді ат-салысып. Өнерлерімен көзге түскен жігіттеріміз марапатталды.

6.Қараша айында «Асуларды еңсерген асыл тұлға,болашақта болыңыз Алтын тұлға» атты Алтын кітаптың ашылу салтанаты   өтіп, мерекелік концертпен аяқталды.

7.Желтоқсан айы, «Ел басы,ел мақтанышым» атты жастарға патриоттық рух беріп, ұлтжандылыққа тәрбиелеу мақсатында іс-шара өтті.

8.«Тәңірдің төл құжаты, Тәңірім мәңгілікке мөрін басқан» атты тәуелсіздік күніне орай мерекелік концерт ұйымдастырылды.

9.«Жаңа жылдарыңызбен» атты мерекелік концерттік бағдарлама өтті. Осы кешті студенттер жақсылап өткізіп, соңын би кешімен жалғастырды. Алдағы барлық жоспарға сай өткізілетін мерекелік күндерді, атап өтуге студенттер белсенділік танытады деген үмітттеміз.

Қорытындылайтын болсақ, осы уақытқа дейінгі аралықта өткізген барлық іс-шаралрға белсене қатысқан студент жастар бұдан былайда мерекелік атаулы күндерді құр жібермей атап өтіп отырады деген сеніміміз мол. Болашағынан үміт күттіретін студент жастарға сеніміміз мол.

Қазіргі таңдағы жатақхананың ішкі жағдайы осындай деңгейде, атап айтар олқылықтар мен ескертпелер жоқ, жатақхананың жатын ақшасы уақытылы төленіп келеді.

 

Жатақхана меңгерушісі:                                   Ауезов Ж.Ш.