Коммунальное государственное казенное предприятие

Аркалыкский политехнический колледж

21/11/2024  Четверг
        8 (71430) 7 59 83
Костанайская область, г. Аркалык, улица Абая 112

Жасөспірімдердің арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында өткізетін сценарийі

Бүгінгі күнгі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі - балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу.

Жастар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыс жасау бүгінгі қоғамның күн тәртібінен түспейтін түйткілді мәселе.

Олардың өмірі біршама белсенді өтеді — кездесулер; ойын- сауық, би кештері; концерттер; достарымен табиғатқа барады. Бірақ, бұлардың көбі кешке, түнде болып тұрады. Бұл кезде көшеде көп адам кездеспегендіктен, оларды бақылаушылар аз болғандықтан, жеткіншектер бұзақылық жасап, кейде ойын-сауық үшін кылмыс жасауға шейін барады.

Жасөспірімнің жан дүниесі нэзік, сезімтал болып келеді. Үлкендердің айтқан сөздерін, іс-әрекеттерін, бұқаралык акпарат құралдарынан (теледидар, газет, журналдардан т.б.) көргенінің барлығын тез қабылдап, шындық көреді. Міне, соңдықтан да лас ақпарат көздері мен телехабарларда үнемі беріліп отыратын кылмыс хроникасындағы жағымсыз мәліметтер жастардың нәзік көңіліне, жан дүниесіне қатыгездікпен жүгенсіздік ұрығын себуде. Ақпарат құралдары қатігез қылмыскердің іс-әрекетінің егжей — тегжейін жазып, жасөспірімдерге сабак болар десе, кейбір жасөспірімдер, осы қылмысты жасаған қылмыскер қандай сезімде болды екен деп, сол қылмысты қайталайтыны кездесіп жатады.

ҚР Қылмыстық Кодексi 188-бап. Ұрлық

Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру - мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейiнгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

191-бап. Тонау

Тонау, яғни бөтеннің мүлкін ашық жымқыру – мүлкi тәркiленiп немесе онсыз, екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір мың сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

ҚР Қылмыстық Кодексi. 190-бап. Алаяқтық

Алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену – мүлкі тәркіленіп, бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

ҚР Қылмыстық Кодексi. 115-бап. Қорқыту

Өлтiрумен немесе денсаулыққа ауыр зиян келтiрумен, сол сияқты қорқытудың іске асатынына қауiптенудің жеткiлiктi негiздері болған кезде адамның жеке басына өзгедей ауыр күш қолданумен не мүлiктi өртеп жоюмен, жарылыс жасаумен немесе өзге жалпы қауiптi тәсiлмен қорқыту - бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз жиырма сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не отыз тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

Азаптау - ұдайы ұрып-соғу немесе өзге күш қолдану әрекеттері жолымен тән немесе психикалық зардап шектіру. Қылмыстық заң бойынша жеке адамға қарсы қылмыс деп танылады

ҚР Қылмыстық Кодексi 110-бап. Қинау

Ұдайы ұрып-соғу немесе өзге де күш қолдану әрекеттері арқылы тән зардабына немесе психикалық зардап шегуге ұшырату, егер бұл іс-әрекет денсаулыққа ауыр немесе ауырлығы орташа зиян келтіруге әкеп соқпаса, – бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

ҚР Қылмыстық Кодексi. 106-бап. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру

Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру – үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

ҚР Қылмыстық Кодексi. 195-бап. Алдау немесе сенiмді теріс пайдалану жолымен мүлiктiк залал келтiру

Алдау немесе сенiмді теріс пайдалану жолымен мүлiктің меншiк иесiне немесе өзге де иеленушісіне жымқыру белгiлерi болмаған кезде мүлiктiк залал келтiру –бір жүз алпыс айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз алпыс сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не қырық тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

ҚР Қылмыстық Кодексi. 130-бап. Жала жабу

Жала жабу, яғни басқа адамның абыройы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн немесе оның беделiн түсiретiн көрiнеу жалған мәлiметтер тарату – бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады

ҚР Қылмыстық Кодексi. 99-бап. Адам өлтiру

Адам өлтiру, яғни басқа адамды құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшырату – сегіз жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Жасөспірімдер арасында қылмыстық істердің көбею себептері:

• Отбасындағы ақау тәрбие;

• Отбасындағы материалдық әл-ауқаты;

• жұмыссыздық;

• мінез-құлқының ауытқушылығы;

• Рухани құлазуы;

• ата-ана тарапынан бақылаусыз қалуы;

• баланың бос уақытының шамадан тыс мол болуы;

1. 1. Құқықбұзушылықтың түрлері

2. заңға қайшы іс - әрекеттер

3. Құқықбұзушылықтың түрлері тәртіптік азаматтық- құқықтық әкімшілік қылмыстық

4. Тәртіптік құқықбұзушылық - бұл оқу орындары, әскери оқу орындары, әскери бөлімдер, мекемелер бекіткен оқу, еңбек, әскери тәртіпті бұзу. Мысалы: сабаққа кешігу, сабақта сөйлеу, сабақта сөйлеу, мұғалімге қарсы келу ….

5. Тәртіптік жазалау: Ескерту; • Сөгіс • Жұмыстан шығару…

6. Құжаттар: Еңбек кодексі, ішкі тәртіп ережесі, мектеп жарғысы, әскери жарғы .

7. Құқықбұзушылық- міндеттер нормасын бұзатын, заңға қайшы іс - әрекет

8. Азаматтық-құқықтық құқықбұзушылық- :

Жазасы :

• Ақы төлеу;

• Шығынның орнын толтыру;

•Моральдық шығынға өтем төлеу… Жауапкершілік толығымен 18 жастан басталады, кейде 14 жастан.

9. Қылмыстық құқық бұзушылыққа не жатады?

А) шарт келісімінін бұзу;бұзу; Б) ұсақ бұзақылық; В) ұрлық; Г) жұмысқа кешігу

10. .Қылмыс -бұл:

А) қоғамға өте қауіпті іс-әрекет;б) экономикалық нәтижеге кері әсер туғызушы іс-әрекет, еңбек тәртібін бұзумен байланысты