Коммунальное государственное казенное предприятие

Аркалыкский политехнический колледж

21/11/2024  Четверг
        8 (71430) 7 59 83
Костанайская область, г. Аркалык, улица Абая 112

«Қазақ халқы өмірді ағып жатқан өзегне теңейді. Өйткені өмір өзен тәрізді тоқтаусыз, ешкімгі білдірмей жатады. Сол өзен ағынында кейбір жан өз арнасын тауып жатса, енді біреулері бастарын тасқа да, жарға да соғып өз жолын таба алмай жатады...» деген сөздермен Арқалық полтехникалық колледжінде суицидтін алдын алу мақсатында ауқымды тәрбиелік іс-шара өткізілді.

Бұл іс-шараның басты мақсатары студенттерді адамгершілік құндұлықтарының мәнін аша білуге үйрету, олардың өмірге деген құштарлық сезімдірін ояту. Адам бойындағы жақсы қасиеттерді құрмет тұтуға баулу болып табылады.

Кешімізге келген қаланың аса құрметті қонақтары, осы өмірде өзіне орын таба білген, бала тәрбиелеуде өз еңбектерін аямаған жандар: Жәнібек Ғаппасұлы – Арқалық қалалық ардагерлер ұйымының төрағасы, Бақытжамал Аяғанқызы – Аналар кеңесінің төрайымы, Жақыпбекова Қарлығаш – Аналар кеңесінің мүшесі, оқу ағарту ісінің үздігі, облыстық меценаттар сыйлығының лауреаты және Арқалық қалалық жүйке аурулар деспансерінің психологі Серікбай Айтолқын Гиргүнісқызы.

Сұхбаттасу барысында қонақтарымыз өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, қиналған сәттерді қалай женгендерін, жетістікке апаратын жолдар туралы айтып өтті. Күйзеліс жағдайда адам өз-өзіне қалай көмек көрсете алады, осы жайда психолог пайдалы кеңестерін берді.

Қазіргі таңда, өкінішке орай, суицид мәселесі әлемге төнген қауіп болып саналады. Менің ойымша, осындай жылы, мән-маңызы зор кездесулер арқылы өскелен ұрпақтың жан түйсігінде өмірге деген сүйіспешлік сезімін оята білуіміз керек.

Арқалық политехникалық колледжінің психологі

Ахметова Салтанат Серікқызы