Жалпыадамзаттық құндылықтар күніне орай 19 қараша күні психолог Дакар Айнұр Бақытқызының ұйымдастыруымен жас мамандар арасында "Жалпыадамзаттық құндылықтар-рухани адамгершілік тәрбиелеудің негізі" тақырыбында семинар-тренинг өтті. Семинар барысында жас мамандар Жалпыадамзаттық құндылықтар жөнінде өз пікірлерін ортаға салып, психологиялық ойындар және жаттығуларды орындап, жақсы әсер алғандары туралы бөлісті!