Коммунальное государственное казенное предприятие

Аркалыкский политехнический колледж

21/11/2024  Четверг
        8 (71430) 7 59 83
Костанайская область, г. Аркалык, улица Абая 112

Дін - аса нәзік. Сондықтан оған барынша байыппен қарап, салмақты да, салауатты, бір-бірінен алыстататын емес, керісінше жақындататын өзара түсіністік пен құрмет тұту сезімінде болуға үндейді. Барлық уақытта баршамыздан осыны талап етеді.

Әлеуметтік-психологиялық қызметінің бағыттарының бірі – алдын алу жұмыстары. Осыған орай, Арқалық политехникалық колледжінде экстремизмнің алдын алу мақсатында ауқымды іс-шаралар өткізілді. Осы бағыттың бірінші кезеңі зерттеу жұмыстары болса, яғни сауалнама арқылы студенттердің діни ауытқушылықтарын анықтау, екінші кезеңде арнайы мамандармен сұхбаттасу өткізілді.

«Діні басқанаң – тілі басқа» атты сұхбаттасудың басты мақсаттары діни   ағымдар туралы түсініктеме беру,  олардың мәні, бағыты,зияны  туралы айту, жастардың арасындағы дiни сауаттылықты қалыптастыру, діни адасушылықтан сақтандыру,  білімалушыларды имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Жас ұрпақты толғандыратын сұрақтарға жауап беруге қаламыздың құрметті қонақтары шақырылды - Арқалық қаласының бас имамы Уалиев Бектұрсын Қажы Торғайбайұлы, Арқалық қаласының ішкі саясат бөлімінің басшысы Айтмағанбетова Мәнсия Кәрімқызы, ішкі саясат бөлімінің дін мәселесі бойынша инспекторы Нұғұманов Асет Бауыржанұлы, Арқалық қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің жастар ресурстық орталығының директоры Кикимов Дархан Жоламанұлы.

Қазақ даласы ата-бабаларымыз ғасырлар бойы арман еткен және сол жолда зор құрбандықтарға душар болып, өз тәуелсіздігін жеңіп алды. Ендігі болашақ жастардың қолында, сондықтан, салауатты жас ұрпақ тәрбиелеуге, өз үлесімізді қосуға, әрқашан дайынбыз!

Арқалық политехникалық колледжінің психологі

Ахметова Салтанат Серікқызы