Коммунальное государственное казенное предприятие

Аркалыкский политехнический колледж

21/11/2024  Четверг
        8 (71430) 7 59 83
Костанайская область, г. Аркалык, улица Абая 112

Желтоқсан айының 19-23 күндер аралығында «Біз біргеміз! Тамаша!» тақырыбында «25 жетоқсан - Психолог күніне» арналған бірнеше іс-шара ұйымдастырылып өтті. Апталықтың мақсаты: психологиялық қызметті насихаттау, педагог-психологтардың жұмысын жандандыру, студенттік ұжымның бірігуіне ықпал ету және колледж білім алушылары мен оқытушыларының психологиялық жайлылық деңгейін анықтау.
«Күлімде» акциясы Психология апталығын ашты. Ол алғаш рет өткізіліп, колледжде қолайлы эмоционалдық ахуал қалыптастыруға, жағымды эмоциялар алуға бағытталған болатын.
Колледж фойесінде «Психология әлемінде» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мұнда оқырмандар арасында сұранысқа ие қазақстандық және шетелдік психологтардың ең танымал басылымдары жинақталған. Көрмеге келушілер іскерлік және отбасылық қарым-қатынас психологиясына арналған кітаптарды да оқи алады. Олардың көмегімен білім алушылар қарым-қатынас әдістерін меңгере алады және осы саладағы мәселелерді тиімдірек шешуге мүмкіндік беретін практикалық ұсыныстар мен кеңестер алады.
Күн сайын колледж холлында «Ақылды ой мен тілектер бұрышы», «Жақсы тілектер ағашы» атты плакаттар ілінді, оған білім алушылар мен оқытушылар өз тілектерін жазды. Сонымен қатар, логикалық тапсырмалар, психологиялық жұмбақтарды шешуге арналған «Ең ақылды» атты айдары болды.
№1-2 колледж жатақханаларында білім алушалармен «Біздің эмоция мен көңіл-күйіміз» ааты тренинг өтті. Сонымен қатар білім алушыларға позитивті бейнероликтер көрсетілді.
1 курс білім алушаларға, яғни Э-11 және ТО-21 топтарында «Мені түсінесін бе?» тренингі өткізілді, оның мақсаты: бір-біріне мейірімділік таныту, жасөспірімдерді біріктіру, жағымды эмоционалды тәжірибе жинақтау, топ құру.
«Біз – ең позитивті топ!» фото-акциясы бірнеше колледж білім алушылар қатысты. Акцияның шарты: білім алушылар өз топпен бірігіп, көңілді фото жасап, педагог-психологқа ұсынды. Қорытындысында жеңімпаздар алғыс хатпен және тәтті сыйлықпен марапатталды.
Аптаның соңғы күнінде «Колледжге тілегіңіз» акциясы өткізілді. Білім алушылар колледждегі білім беру жағдайын жақсарту мақсатында өздерінің жақсы пікірлер мен ұсыныстарын жазды