Коммунальное государственное казенное предприятие

Аркалыкский политехнический колледж

07/11/2024  Четверг
        8 (71430) 7 59 83
Костанайская область, г. Аркалык, улица Абая 112

Білім алушылардың «Ғылымға қадам» ғылыми қоғам жоспары асында   «Жас ғалым - 2020» білім алушылардың  ғылыми-зерттеу жұмыстары байқауының қорытындысы

 

Ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысу білім алушыны кәсіби пәнді терең меңгеруге, олардың ғылыми, техникалық және әлеуметтік дүниетанымын кеңейтуге, жаңа идеяларды өз бетінше игеруге, ғылыми ақпараттар тасқынында жедел әрі тиімді бағыт ұстануға бейімдейтініне көз жеткіздік. Білім алушыларды ғылыми - шығармашылық іс - шараларға қатыстыру барысында жан - жақты дарынды білім алушы даярлаймыз.

Колледжімізде білім алушының ғылыми - зерттеу және оқу-танымдық  бағытын ынталандыру, талантты және дарынды білім алушыларды  іріктеу және қолдау мақсатында  «Рухани жаңғыру – кемел келешек кепілі» аясында  колледжішілік  «Ғылымға қадам» ғылыми қоғам жоспары асында   «Жас ғалым - 2020» білім алушылардың  ғылыми-ізденіс жұмыстары жинақталып қорытындысы шығарылды.

Елімізде Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша төтенше жағдай кезінде қашықтықтан білім алу жүзеге асырылуда. «Жас ғалым - 2020» білім алушылардың  ғылыми-зерттеу жұмыстары байқауын ұйымдастыру мен оған қатысудың тәртібі мен шарттарын реттейтін ережеге, қашықтықтан оқуға байланысты өзгеріс еңгізілді. Қашықтықтан оқуға байланысты «Жас ғалым - 2020» білім алушылардың колледж ішілік ғылыми-ізденіс жұмыстары жинақталық, сарапталып  нәтижесі шығарылды.

 «Ғылымға  қадам» ғылыми қоғам жоспары асында «Жас ғалым - 2020» білім алушылардың колледж ішілік ғылыми-ізденіс тәжірибелік конференциясын сәуірдің 24 жұлдызында қашықтықтан өткізілді.

Байқауға әлеуметтік - гуманитарлық, экономикалық ғылымдар, жаратылыстану, қоғам, тарих, техникалық бағыттар бойынша білім алушының өз еркінше орындаған ғылыми-зерттеу жұмыстары екі тілде қабылданды.

ҒЗЖ байқауына білім алушылардың ғылыми жұмыстарының бірқатарлы интервалмен терілген данасы ұсынылады. Жұмыс көлемі 8 - 10 беттен аспауы тиіс. Сонымен қатар байқауға ғылыми жаңалығы бар  жобалар ұсынылды.

          ҒЗЖ  байқауы  1 кезең бойынша өтті, жұмыстар қабылданып, тексеріліп  жинаққа еңгізілді, үздік жұмыстар дипломдармен марапатталды, жұмыстар PDF электронды жинаққа енгізілді.

Байқауға жаратылыстану, техникалық, әлеуметтік гуманитарлық, экономикалық ғылымдар, қоғам, тарих бойынша өзекті проблемалар мен басым бағыттар бойынша білім алушының өз еркінше орындаған ғылыми-зерттеу жұмыстары қабылданды. Байқау  жеңімпаздарын колледж директорының м.а Крыжанова И.В. дипломмен марапаттады. Жинаққа ғылыми - зерттеу жұмыстары байқауының жұмыстары  мақала ретінде енгізілген. Мақала авторлары қоғамды дамыта алатындай қазіргі таңдағы өзекті мәселелерді көтеріп,  өздері зерттеген тақырыптарды қорғай отырып көзқарастарын білдіреді. Жинақ көпшіліктің қолдануына және еркін оқуға ұсынылады, сонымен қатар мақалалар әзірлеу жұмысына қолдана алады.

Білім алушының ғылыми - зерттеу және оқу - танымдық  бағытын ынталандыру,  талантты және дарынды білім алушыларды  іріктеу және қолдау мақсатында ұйымдастырылған білім алушылардың  ғылыми – ізденіс тәжірибелік конференциясына 20 жұмыс үш бағытта жинақталды.

«Техника және технология» бағыты бойынша 10 жұмыс жинақталып нәтижесі шығарылды. 

І дәрежелі дипломмен Әбеусағит Толғанай  тақырыбы «Ешкі сүтінің құндылықтары»  жетекшісі Әлімжан Н.Б. марапатталды.

ІІ дәрежелі дипломмен  Язькова Татьяна тақырыбы «ВЛИЯНИЕ ОКРУЖАЮЩЕЙ СРЕДЫ И ВНЕШНИХ ФАКТОРОВ НА РАБОТОСПОСОБНОСТЬ АВТОМОБИЛЯ И ЕГО СОСТАВНЫХ ЧАСТЕЙ» жетекшісі Махатов А.Ш. марапатталды.

          ІІІ дәрежелі дипломмен  Шөптібаев Бекзат  тақырыбы «АВТОМАТТЫ КӨШЕТ ОТЫРҒЫзатын Машина» жетекшісі Тойшыбеков Б.О., Серікбаев Ербол тақырыбы "MATCHAD БАҒДАРЛАМАСЫ» жетекшісі Бекеева Д.Х. марапатталды.

Биылғы жылдын ғылыми жұмыстарының нәтижесі бойынша Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы М.Дулатов атындағы экономикалық университеті Кәсіпкерлік колледжінің ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы ХІІ облыстық «Жас ғалым - 2020» студенттік ғылыми – тәжірибелік конференциясының  І дәрежелі диплом иегерлері  Насрединов Алишер  тақырыбы «Рациональное использование системы отопления города»  жетекшісі  Торгаев Б.Б., Филиппов Илья тақырыбы тақырыбы «Кирпичи  «made in Arkalyk» жетекшісі: Бек Б.Б., ІІІ дәрежелі диплом иегерлері  Арыстанов Умар тақырыбы «Умный дрон» жетекшісі Есім Е.А., Мұрат Еламан тақырыбы «AGO'Alein Global Offensive' 3D мультиплеер ойынын жасау» жетекшісі Ахмет Т.М. қатысқаны үшін мадақтама иеленді.

Былтырғы жұмысты жалғастырушы Байкула Е. жетекшісі Қалжанов Н.А., Сүйнғарин Н. жетекшісі Жунусов С.А. жұмыстарына ешқандай жаналық  еңгізбегендері үшін өзгеріссіз қалды.

«Энергетика» бағыты бойынша 5 жұмыс жинақталып нәтижесі шығарылды. 

ІІ дәрежелі дипломмен  Әбділдә Мерей, Сапар Шолпан  тақырыбы «ЭЛЕКТР ҮНЕМДЕУШІ ШАМЫНЫҢ НАРЫҚТЫҚ БАҒАЛЫЛЫҒЫ» жетекшісі Шакенов Ж.Н. марапатталды.

ІІІ дәрежелі дипломмен  Алдабаев Қайыржан тақырыбы «АРҚАЛЫҚ ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ  КОЛЛЕДЖІНЕ БАЛАМАЛЫ ЭНЕРГИЯ КӨЗДЕРІН ЕНГІЗУ»  жетекшісі Оспанов Ш.И. марапатталды.

Абзал Бекболат, Сыздықов Данияр тақырыбы «АРҚАЛЫҚ ҚАЛАСЫ САЯБАҒЫН КҮН БАТАРЕЯЛАРЫ КӨМЕГІМЕН ЖАРЫҚТАНДЫРУ» жетекшісі Байгиреев Т.С.  қатысқандарын растайтын  сертификат иеленді.

Биылғы жылдын ғылыми жұмыстарының нәтижесі бойынша Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы М.Дулатов атындағы экономикалық университеті Кәсіпкерлік колледжінің ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы ХІІ облыстық «Жас ғалым - 2020» студенттік ғылыми – тәжірибелік конференциясының  Алтай Данияр тақырыбы «Энергияны күннен алудың тиімді жолдарын жасау» жетекшісі Алекешов Г.Х.  марапатталды.

Былтырғы жұмысты жалғастырушы Темірхан Т. жетекшісі Абдрахманова С.Ж. жұмысына ешқандай жаналық  еңгізбегені үшін өзгеріссіз қалды.

«Мәдениет және тарих» бағыты бойынша 5 жұмыс жинақталып нәтижесі шығарылды. 

ІІ дәрежелі дипломмен  Алдажаров Нұрсұлтан тақырыбы «МҰСТАФА ШОҚАЙДЫҢ АЖАЛЫНЫҢ СЫРЫ» жетекшісі Бисенгалиева А.Г., Мизамбаева Алтын  тақырыбы «ЭТНИЧЕСКИЕ ПРИЧЕСКИ» жетекшісі Ельясова М.Ж.  марапатталды.

ІІІ дәрежелі дипломмен  Иващенко Александра тақырыбы «КУЛЬТЬУРНОЕ НАСЛЕДИЕ: ЛИЧНОСТЬ АБЫЛАЙ ХАНА» жетекшісі Токаева Э.М., Арыстанов Умар тақырыбы «ОБЫЧАИ И ТРАДИЦИИ ВЕЛИКОБРИТАНИИ» жетекшісі Каражигитова Д.Т. марапатталды.

Биылғы жылдын ғылыми жұмыстарының нәтижесі бойынша Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы М.Дулатов атындағы экономикалық университеті Кәсіпкерлік колледжінің ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы ХІІ облыстық «Жас ғалым - 2020» студенттік ғылыми – тәжірибелік конференциясының  ІІІ дәрежелі диплом иегері  Дүйсембай Рүстем тақырыбы «Абай шығармаларының  рухани  құндылығы» жетекшісі Балмашева Б.К.  марапатталды.

Тапсырылған ғылыми - зерттеу жұмыстары тексеріліп колледж ішілік нәтиже бойынша «Техника және технология», «Мәдениет және тарих» бағыттары бойынша оқытушының ғылыми жетекшілігімен озық үлгіде жасалған тақырыптар өзектілігімен, нақтылығымен, жаңашылдығымен айқындалған  жұмыстар қалалыққа ұсынылды. Қалалық нәтиже бойынша «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде «Жас ғалым - 2020» қалалық білім алушылардың ғылыми – зерттеу жұмыстары байқауында   ІІ дәрежелі диплом Алдажаров  Нұрсұлтан тақырыбы «Мұстафа Шоқайдың ажалының сыры» жетекшісі Бисенгалиева А.Г.,  ІІІ дәрежелі диплом Мұрат Еламан тақырыбы «AGO'Alein Global Offensive' 3D  мультиплеер ойынын жасау» жетекшісі Ахмет Т.М.,  Әбеусағит Толғанай сертификат иеленді тақырыбы «Ешкі сүтінің құндылықтары»  жетекшісі Әлімжан Н.Б.

Білім алушылардың  ғылыми - зерттеу жұмыстары жоғары білім берудің негізгі бөлігі және маман даярлау сапасын арттырудың тиімді тәсілі болып саналады. 

Ғылыми зерттеу жұмысқа қатысу білім алушыны кәсіби пәнді терең меңгеруге, олардың ғылыми, техникалық және әлеуметтік дүниетанымын кеңейтуге, жаңа идеяларды өз бетінше игеруге, ғылыми ақпараттар тасқынында жедел әрі тиімді бағыт ұстануға бейімдейді.