Арқалық политехникалық колледжінде директордың оқу - өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары Е. Исмагуловтың ұйымдастыруымен «Арқалық қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы» Мемлекеттік мекемесінің басшысы Тулегенова Алия Сакановнамен кездесу болып өтті.
Кездесудің негізгі мақсаты – колледждің бітіруші түлектеріне «Жастар практикасы» жобасының мүмкіндігі мен нәтижесін насихаттау. Жастар практикасы – жергілікті атқарушы органдар өңірлік еңбек нарығындағы жағдайды ескере отырып ұйымдастыратын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім берудің кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының түлектері алған кәсібі (мамандығы) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін жинақтау мақсатында іске асыратын еңбек қызметінің түрі.
Осы бағдарлама бойынша біздің Арқалық политехникалық колледжінің бірнеше түлектері қызметке орналасты. Ендігі мақсат, биылғы жылғы диплом алғалы отырған бітірушілерді жұмыспен қамтамасыз ету. Осы кездесуге бітіруші Э – 41 және Э – 31А топтарының топ жетекшілері Г. Қоқашова мен Б. Бек жауапты болды.